Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 7 сабақ.


Мәтін.

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр.

 Осы уақытқа шейін бірде-бір ғаламдық саясаткер мұндай құрмет алмапты. Соңғы бес жылдан бері елу мың гүлдің ішінен әдемілігімен аты шыққан хризантеманың ендігі атауы - «Президент Назарбаев». Оны Кайдзука қаласының билігі топқа арнайы таныстырды. "Біз ең жоғарғы сұрыпты гүлге Назарбаев атауын беруді жөн санадық. Өйткені сіздердің Президенттеріңіздің бойынан кемеңгерлікті, даналықты көреміз. Жұрт бұл гүлді бақыттың және ақылдылықтың белгісі деп біледі. Міне осыны ескеріп, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынсының ары қарай нығаюын көздеп, осы атауды беруді ұйғардық" дейді гүл өсіру өндірісінің президенті Жунсуке Кишиваки. Іс-шараға келген тұрғындар «Президент Назарбаев» гүлінің сұлулығына бас шайқасты. Гүлдің ұзындығы 1 метр 85 сантиметр болса, диаметрі 30 сантиметрден асады. Жапон жұрты бақыт гүлінің жаңа түрін өсіріп, оған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді деп хабарлайды 24.kz. Бақыт гүлінің жаңа түрі "Президент Назарбаев деп аталады. Елбасының есімі берілуінде айтарлықтай құпия жоқ. Жапондықтар Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітсүйгіш президент ретінде таниды. Сол себепті бұл атақты елбасыға лайық көрген.

https://www.nur.kz/kk/1308007

(мәтінге өзгерістер енгізіліп берілген)

Мәтінді өзгерту стратегиясы

Мәтіннің атауы__________________________________________________

Бұл мәтін кім туралы?_______________________________________________ _

Мәтіндегі басты ақпарат___________________________________

Оқиғаның басты кейіпкерлері:___________________________________

Оқиғаның жанама кейіпкерлері:______________________________________

Оқиғаның басы (Сіз оқиғаны қандай көңіл-күймен, сезіммен бастайсыз?)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқиғаның ортасы

Оқиғадағы іс-әрекет қандай бағытқа өзгереді? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқиғаның соңын қалай аяқтайсыз? ________________________________________________________________________________________________________

 Ұсыныс: осы мәтінге де өзгерістер енгізіп беруге болады.

 

 ЭКСПО-2017 көрме қонақтарының пікірін "Егемен Қазақстан" газеті жариялады. Жуэл ДЮПРАТ, Франция:

 – Біз отбасымызбен биылғы демалысымыздың екі аптасын Қазақстанда өткізуге шешім қабылдадық. Жұбайым – Сильвия мен қызым Хелоиз үшеуіміздің келгенімізге бір аптадай уақыт болды. Өзіміз қазақ еліне алғаш рет сапарлап отырмыз. Шынымды айтсам, бұрын Қазақстан туралы естігенімізбен, елдеріңізді осынша дамыған деп ойламаппыз. Келгелі Астананың әдемі көрінісін көріп, таңғалысымызды жасыра алмадық. Арасында Алматыға да жол түсіп, оның әдемі тауларын көзімізбен көріп, тамсанып қайттық. Қазақстандағы ЭКСПО көрмесі біз үшін ерекше есте қаларлық естелік болды. Қай ел де көрмеге үлкен әзірлікпен келгені көрініп тұр. Әсіресе, Малайзия, Австралия, Германияның павильондары көңілімізден шықты. Отанымыз – Францияның павильонына да бас сұқтық. ЭКСПО көрмесіндегі ең үлкен үш павильонның бірі Франциянікі екенін естіп, қуанып қалдық. Мұның өзі екі елдің арасында жақсы қарым-қатынас орнатылғанын көрсетеді. Жұбайым екеуіміз де суретшіміз. Үйге оралысымен Астана туралы, оның әсем көріністерін бейнелейтін суреттер топтамасын шығармақ ойымыз бар. Айтпақшы, ЭКСПО алаңында ойналып тұратын қазақтың музыкасы жүрегімізді айрықша баурады. Керемет әуендер екен. Музыкаға елітіп, біраз демалып отырдық. Бұл да жүрегімізде қалатын әдемі естелік болды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу