Математика | Жеті санының қасиеттілігі

Кіріспе
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарғанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт - санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген біз келешект ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қарулансақ, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір - қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны. Бұл санның ерекшелігі неде?.....
Ғылыми жобалар
Толық

Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның 10 - сынып оқушысы Смагулова Самалдың «Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу» атты ғылыми жобасына
Кіріспе
Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуде. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456-1847). Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды. Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда әлсірегеннен кейін, Дешті Қыпшақта Ақ Орда, Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін құрды. Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына келуі, қалалар өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы көшпелі, жартылай көшпелі Оңтүстік Қазақстан даласы мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен шаруашылық байланысының дамуы - бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына, тілі, рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына, ақыры қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғасырдың орта шенінде тұрақты біртұтас мемлекеттің қажет екені айқын сезілді. Осындай мемлекет қана Қазақстанды мекендеген ұлыстар жерінің шаруашылығының біртұтастығын сақтай алатын еді. Мұндай жағдайға ең әуелі қазақтың қалың бұқарасы - көшпелі малшылар мен дихандар мүдделі болды. Бұлар өзара қырқысқан қақтығыс пен соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын күшті мемлекет қажет болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері

Кіріспе
XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді.
Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б].
Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек.
«Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады.
Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды.
Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы

КІРІСПЕ
Экономиканың негізгі экономикалық агенті Бір немесе бірнеше кәсшорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсшкерліктің үш түрін атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік,
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акционерлік қоғам)
Ипдивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жеке адамды қалыптастырудың факторлары

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер

Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр.
Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді.
Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді.
Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу

Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіподақтық түсінік

Қазақстан Республикасы саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және келісім жағдайында он бес жыл бойы тәуелсіз, егеменді құру бағытын жүзеге асырып келеді. Осы жылдарда Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы, оның мүшелік ұйымдары жаңа демократиялық қоғам құрудың белсенді қатысушылары болып табылды., әлеуметтік-бағдарлы нарықтық өзгерістерді қолдап жалдамалы жалдамалы еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғады.
2000 жылдың мамыр айында болған кәсіподақтар Федерациясының ХҮІ-ІІ съезі кәсіподақ ұйымдарының өміріндегі маңызды кезең болды, кәсіподақтар қызметінің үшінші мыңжылдық алдындағы негізгі бағыттарын айқындады.
Республикалық салалық кәсіподақтардың, облыстық одақаралық бірлестіктердің, Федерацияға біріккен барлық кәсіподақ ұйымдарының іс жүзіндегі күштері кәсіподақтар Федерациясының ХҮІІІ съезінің бағдарламалық құжатында, «Халықтың еңбекақысы және табыстары туралы», «Жұмыссыздыққа қарсы, халықтың толық және жемісті жұмыс істеуі үшін», «Шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындардағы еңбекшілердің жағдайы туралы», «Еңбекші әйелдердің құқықтары мен мүдделері қамтамасыз етілсін», «Әділ зейнетақыны қамтамасыз дету үшін» деген съездің мәлімдемелерінде, үндеулерінде және қарарларында мазмұндалған, Қазақстан еңбекшілерінің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге арналған міндеттерді орындауға бағытталған болатын.
Съезд «Күшті кәсіптік одақтар – еңбекшілердің сенімді әлеуметтік-экономикалық қорғаушысы» атты ұранмен нарықтық экономиканы жаһандандыру кезеңінде күшті әлеуметтік саясат жүргізуге қол жеткізу, кәсіподақтар қызметінде экономикалық және саяси күрес әдістерін байланыстыру, паламенттік, заң шығару қызметіне және әлеуметтік серіктестікке белсенді қатысу міндеттерін алдына қойды....
Курстық жұмыстар
Толық