Жас келіннің қалың малына 1 млн берген қазақтар жұртты таңғалдырды (видео)

Жас келіннің қалың малына 1 млн берген қазақтар жұртты таңғалдырды (видео)

Kazakh.toy Instagram парақшасында қыздың қалың малына 1 млн теңге берген қазақтардың видеосы тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Видеодан жігіттің туыстары қыздың әкесіне ақша салынған конвертті ұстатып, "Қалың малға 1 млн теңге", - дейді.

Ал желі қолданушыларының пікірі қалың мал мәселесіне келгенде екіге бөлінген.

"Жарайсыздар. Қыздың артынан алып баратын дүниесі үшін 1 млн теңге түк емес. Үстіне қосып, 2-3 млн теңгеге киімін, дүниесін алып барамыз ғой", "Қай өңір екен?", "Әрине млн теңге ештеңеге жетпейді. Қыздың киімінің құны осындай ғана. Тағы алып баратын көрпе-төсек, ыдыс-аяғы бар".

"Қанша млн болса да, бақыт ақшамен бағаланбайды ғой", "Біздің Ақтауда млн деген түк емес", "Жас келін осынша ысырапты бағаласа болар", "Біздің өңірде "қалың мал" деген түсінік жоқ".

"Қыздарын сатады ма?", "Қалың мал ежелден келе жатқан қазақтың дәстүрі. Бұрындары үйір-үйір жылқы беретін болған. Қазір ғой 1 млн теңгеге мәз болып жатқанымыз" деп желідегілер түрлі пікір білдірген.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:


Жаңалықтар:
» Оқулықтың электронды нұсқасы балаларды ауыр сөмкеден қашан құтқарады 15.05.2021, 0
» 2021 жылы айт намазы қашан оқылады ? 11.05.2021, 0
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 1

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы