Кілемді қалай күту керек

Кілемдерді тазалаудағы бірінші қағида: Кілемді алдымен сыртқы жағынан, сосын барып бет жағынан тазалау керек.

Кір кілемдерді әртүрлі қоспалардың көмегімен мұнтаздай таза қылуға болады:

- 1 литр қайнаған суға жарты шай қасық кір жуу ұнтағы мен скипидар қосып араластырады. Сосын кілемнің беткі жағына осы құрамды жағып, алдымен ылғалды, кейін құрғақ шүберекпен сүртеді.

- 1 литр суға ас қасықпен мүсәтір спиртін қосып, кілемнің бірінші сыртқы жағын, кейін бет жағын щеткамен жуады. Сосын кілемді екі-үш рет жылы сумен ысқылайды, ал соңғы рет жуғанда суға аздап сірке суын қосады. ......
Кеңестер
Толық

Өмірдің 30 қағидасы

1. Өзіңізге қателесуге мүмкіндік беріңіз. Мүмкіндікті жіберіп алсаңыз да, одан алуға болатын өмірлік сабақтарды жібермеңіз. Қателіктер толықтай жетіліп, тұлға болып қалыптасуға көмектеседі.
2. 3 минуттан да аз уақыт алатын жұмысқа тап болсаңыз, бірден орындап тастаңыз. Оны кейінге қалдырмаңыз.
3. Шешімдерді тек қана өзіңіз қабылдаңыз. Өзгелердің жетегінде жүрудің қажеті жоқ.
4. Сіздің күлімсірегеніңізге қарап бақыттың құшағында жүрген жандар бар. Осыны есіңізде сақтаңыз.
5. Саяхаттаңыз! Жылына екі рет бұрын соңды барып көрмеген жерлерге барыңыз. Саяхаттардың арқасында өзіңізге не керегін анықтауыңызға болады.
6. Адамдар мен алдамшы сәттерді босата біліңіз. Болған іс болды, тек оның өтіп кеткендігін қабылдауыңыз қалды. Босатуға қиналсаңыз өзіңізге «Бұның мен үшін 5 жылдан кейін маңызы бар ма?» деген сұрақты қойыңыз.
7. Тұлға болып қалыптасуға тырысыңыз. Өзгелермен емес, тек өзіңізбен ғана жарысыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Ірімшік қосылған баялды

Баялдының көмегімен түрлі тағам дайындауға болады. Қызанақпен араластырып, майонез қосып салат дайындасақ, енді бірде ішіне фарш саламыз. Бұл жолы кезекті мәзірімізде баялды мен ірімшік дәмін үйлестіруді жөн көрдік. Етті тағамдар денсаулыққа зиян болғандықтан, олардан бас тартып, көкөністерді көбірек жегеніміз жөн. Олай болса, іске кірісейік!

Ірімшік қосылған баялдыны дайындау үшін бізге:

- 3 баялды;

- 4 қызанақ;

- 1 бас сарымсақ;......
Кеңестер
Толық

Қойылтылған сүт жасап үйреніңіз

Ол үшін сізге:

- 200 грамм сүт;

- 200 грамм қант;

- 20 грамм кілегей майы қажет.

Дайындау жолы:

1. Барлық ингредиенттерді кішкене кәстрөлге салып, араластырыңыз.

2. Баяу отқа қойып, қайнағанын күтіңіз.

3. Қайнай бастағанда отты арттырып, 10 минут тосыңыз. Қатты көпіршіктенеді.

4. 10 минут өткеннен кейін өте сұйық болады. Қорқып кетпеңіз, солай болуы керек. ......
Кеңестер
Толық

Анар жемісінің 10 қасиеті

Анар жемісінің қаншалықты дәмді екенін көпшілік білетін шығар. Алайда оның бұл қасиетінен өзге денсаулыққа пайдасы да бар. Оның шырынан алу үшін 1 анар, көлемі 30х30 сантиметр болатын 4 қабатталған дәке және 15 минут қажет.

✅ 1. Жасарту қасиеті бар. Бос радикалдарды жоғалту мәселесінде анар бірінші орынға ие болады. Оның құрамында көптеген антиоксиданттар бар.

✅ 2. Бүйрекке пайдалы. Оны түрлі токсиннен қорғайды.

✅ 3. Бауырды қорғап, қайта қалпына келтіреді. Аталған ағзаның өлі жасушаларын қайта тірілтеді.......
Кеңестер
Толық

Оразаның денсаулыққа он пайдасы

Әне-міне дегенше он екі айдың сұлтаны - Рамазан да келіп қалады. Бұл айда күннің аптабына, жұмыстың қаптауына қарамастан біршамамыз ауыз бекітіп, Алла алдындағы парызымызды өтеуге кірісеміз.

Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе, онда ол нәрседе пенде үшін қос дүниеде де пайда болары сөзсіз. Ораза да осылай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ, ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен Пайғамбар (с.а.с) хадистерінен оқып, имамдар ауыздарынан естіп жүрміз.

Бұл – оразаның адамға әкелетін рухани пайдасы. Бірақ, бұл мақалада біз ауыз бекітудің денсаулыққа әкелер дүниелік пайдасы туралы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз.......
Кеңестер
Толық

30 күнде әдемі болу жолы

Сіз білмейтін 10 керемет
Бір айдан кейін жарқырап, жайнап көктем де келеді. Әрине, әйел затының көктеммен бірге құлпырып, әлдеқайда әдемілене түскісі келетіні анық. Ендеше, бір айдың ішінде қалай жақсаруға, жасаруға болады? Оның құпиясы төмендегі он кереметте жасырылған.

✅ 1. Ас мәзіріне мән беріңіз
Қызылша – өте пайдалы көкөніс. Ол ағзаны тазалап, асқазан мен бүйректің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ теріге тигізер пайдасы мол. Сондықтан оны күнделікті ас мәзіріне қосыңыз. Қарапайым салат жасаңыз. Бастысы, оны майонезбен емес, зәйтүн майымен араластырғаныңыз жөн.......
Кеңестер
Толық

20% және 80%

Адамдарды екі топқа бөлуге болады. Тепе-тең екі топқа емес әрине. Мұның бәрі де 20 және 80 деген екі санмен байланысты.

Дүниеде 20% адам бай да, 80% адам кедей. 20% адам жер бетіндегі 80% байлықты, 80% адам жер бетіндегі 20% байлықты иемденген.

20% адам уақытты сатып алса, 80% адам уақытты сатады. 20% адам практикалық жұмыс жүргізуге мән береді. 80% адам теорияға жүгінеді.

20% адам қарапайым істерді істейді. 80% адам қарапайым істерді онша ұнатпайды.

20% адам ертеңгі істі бүгін орындайды. 80% адам бүгінгі жұмысты ертең істейді.

20% адам қалай ақша табамын деп ойлайды. 80% адам менде ақша болса, қалай жұмсаймын деп ойлайды.......
Кеңестер
Толық

Психологтардың айтатыны

✅ 1.Егер адам көп күлетін болса,болмашы нәрсеге де күле беретіниболса ол адам ішкі жан дүниесінде жалғыздықты сезеді.....

✅ 2.Егер адам көп ұйықтайтын болса,ол мұңай жүр...

✅ 3.Егер адам аз сөйлейтін болса,ол құпиясын сақтайды.

✅ 4.Егер кімде кім жылай алмаса,ол әлсіз...

✅ 5.Егер көп тамақ житін болса,ол қызу үстінде жынданып жүр..

✅ 6.Болмашы нәрсеге жылай беретін болса,пәк,жүрегі жұмсақ адам

✅ 7.Болмашы кішкене нәрсеге жындана беретін болса,ол махаббатқа бөленгісі келеді........
Кеңестер
Толық

Бүйре қуық жолдарындағы тастан құтылу

Халық медицинасында жантақ шөпті емге қолданған. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С витамині, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Жантақ шөбінің іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді. Дәрі жасау үшін жантақ шөбін жаз айларында, тамырын күзде жинайды. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасаған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланса жақсы нәтиже береді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4-5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бүйрекке тас, құм байланғанда жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жоғарыда айтылған тұнбадан 1 қасықтан күніне 3 рет ішкен жөн.......
Кеңестер
Толық