Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ, тоғыз табақ

Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі — «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Жар-жар айтысы

 Жар-жар — Қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды. 

Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Қыз кәде

Қыз кәде — ұлттық ойын. Бұл ойында ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары тартысқа түседі. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар “қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ” деп жол-жора жасаттырады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Шалма

«Шалма» — ойынына екі адам катынасады да, қалғандары көріп, тыңдап отырады. Ойын үйде, аулада өте береді. Ойыншылар біріне-бірі қарсы қарап отырады да, дайын болған шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршаң» шығады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Бастаңғы

Бастаңғы — Қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Дауыста, атыңды айтам

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі — «Дауыста, атыңды айтам» ойыны. Бұл ойын жастар кешінде ойналатын ойындардың қызықтыларының бірі. Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойынға қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Сиқырлы таяқ

Қазақ халқының ұлт ойындарының жастар арасында көп тараған және өте ертеден келе жатқан, аса сүйіп ойнайтын түрлерінің бірі — «Сиқырлы таяқ». Бұнда ойнаушылар санына шек қойылмайды. Ойынға жиналғандар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Жүргізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ортасына шығады да, ойын тәртібін, жолдарын түсіндіреді. Ойнаушылардың бір шетінен бастап барлығына рет қатарын білдіретін сандарын атайды.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Шертпек

«Шертпек» — айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп...
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық