Сабақтың мақсаттары: • байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру, • құрастыра сөйлеуге, • сөздік қорың молайту • фонематикалық есту қабілетін дамыту Сабақтың міндеттері: • Ойынға, сабаққа деген белсенділіктерін арттыру • Ойын арқылы танымдық іс-әрекеттерін дамыту • Сөйлеу,ойлау ,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру.....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады. Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады: 1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет. 2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті. 3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды. Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.....
КІРІСПЕ Қазақ тілінің грамматикасындағы ең күрделі мәселелерінің бірі – көмекші сөздер. Көмекші сөздердің дербес мағынасы бар сөз таптарына қарағанда мағынасы жағынан да, сөйлем мүшесі болу, сөз тіркесі сыңары болу жағынан да үлкен айырмашылығы бар екені белгілі. Олар қолдануда дара қолданылмай, тек дербес мағынасы бар сөз таптарымен түйдекті тіркес құрау ыңғайында қаралатыны белгілі. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, Р. Әміров, В. А. Исенғалиева, Ф. Кенжебекова, Қ. Қадашева, т.б. ғалымдарымыз көмекші сөздердің негізгі мәні, шығу тарихы, түйдекті тіркес құрауы, кейде олардың синтаксисіне аздап болса да назар аудара бастағанын көруге болады. Көмекші сөздердің бірі – шылаулар. Шылау ішкі мазмұндары жағынан да, ішкі формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола кол үзіп, әрі осы аталған үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет етеді. Шылау сөздер есімдерге де, етістерге де жақындаспай, өз алдына оқшауланып, жеке топ болып отырады. Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағыналары солғындап, өздеріне тән әуелгі дербестіктерінен айрылып көмекші сөздер қатарына көшуіне, сайып келгенде, оларды практикалық тілде аса жиі қолданылуы арқасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Бұл жағын дұрыс аңғарған А. К. Федоров: “Выражение предикативных атрибутивных и обстоятельственных синтаксических отношений есть синтаксические функции...........союзов”, деп, олардың тек сөйлемде ғана емес сөз тіркесінде де, сөйлем мүшесінде де қатысын барлығын көрсетеді. Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларда аз да болса, лексикалық мағынаның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы қалыптасқан негізгі қасиеті – грамматикалық мағыналар. Өйткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым болады. Сол мағыналары олардың өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы өзіндік грамматикалық мағыналарын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге жәрдемші дәнекер есебінде жұмсалады. Сондықтан да шылаулар өз алдына жеке-дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінің белгілі бір компоненті ретінде атаушы сөздердің жетегінде қолданылады.....
АҚШ-тағы Индиана университеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман 40 жыл бойы қазақ және өзбек тілдерін зерттей келе «шала қазақтарды» сынауға болмайды деген тұжырым жасады.
Бұл туралы «Мой городқа» сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлады.
«Мен «шала қазақтар» деген ұғымнан хабардармын. Менің бірнеше «шала қазақ» достарым бар. Олар өз тілінде сөйлеуге тырысқан сайын, айналасындағылар саусағын шошайтып, сынға ала бастайды. Олар тығырыққа тірелген. Бір шетінен өз тілдерін үйренгісі келеді, екінші шетінен сол үшін көпшіліктің мазағына қалады. Ал мен, Америкадан келген профессор, қазақша қате сөйлеп бастасам, шала қазақ емес, керісінше, қазақша сайраған адам болып шығамын. Олай болмауы керек», — деп ағынан жарылды Фиерман сұхбатында.
Уильямның ойынша, мұндай «шала қазақтардың» қалыптасуына КСРО кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қазақ тілінің үш рет жазу емлесін ауыстыруы себеп болған.
«Репрессия — орыстандыру саясатының бір бөлігі болды. Бұдан бірінші кезекте....