Орбұлақ шайқасы зерттеп жүрген тарих танымгері, өлкетанушы, шежіреші Асан Оразханұлы Тұрабаевты әңгімеге тартқан едік.
– Байырғы дұшпан Хото Батор Хонтажы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын»деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп.....
Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлихановтың әкесі.[1] Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері. Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834 – 44), Құсмұрын (1844 – 53), Көкшетау (1857 – 68) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853 – 57 ж. Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. .....
Ғафур Қалбыұлы (1827, Маңғыстау өңірі – 1880, Түрікменстан) – би, мәмілегер, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі. 1866 – 1867 жылдары Төмен адай дистансасын басқарып, адайлардың Хиуа хандығымен бейбіт қатар өмір сүріп, сауда-саттық жасап тұруы жайында келіссөздер жүргізді. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісіне қатысып, .....
Мазмұны 1 Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны 2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыздар 2.1 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз 2.2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз 3 Пайдаланған әдебиет Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны
Қаба Абайділдаұлы 1804 жылы қазіргі Алматы облысы Нарынқол ауданы Сарыбастау ауылының Түзкөл-Қолтық жеген жерінде дүниеге келген. Сексенге қараған жасында 1884 жылы қайтыс болған. Бейіті сол ауданның Лайлы деген жерінде. Қазақ шежіресінде Қаба бидің тегі арғы бабалары Бәйдібек би одан Албан, оның ішінде .....
Қазанғап Сатыбалдыұлы - 1771-1856 жылдары өмір сүріп, 1843-1848 жылдары Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, сондай-ақ бәсентиін елінің төбе биі болған. Ұрпақтары Бердәлі Қазанғапұлы 1812-1842 жылдары өмір сүріп, Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, би; .....
Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы (1732 – 1822) – би. Жалайыр руының андас (толымбек) әулетінен. Әкесі Тәттібай батыр жоңғарларға қарсы соғысқан. М.Тынышбаев өз еңбегінде Абылай хан жасағында болған Тәттібай батыр, оның ұлы Қарымбай би жөнінде деректер береді. Қарымбай Әулие әрі сәуегей .....
Үкі Би (туған-өлген жылы белгісіз) — би, Кіші жүздің әлім руынан шыққан. Қара халықтан шықса да тілге шешендіктің арқасында көп жылдар бойы төбе би болған. Үкі би .....
Үмбет Ғалиев 1818-ші жылдары туылып кейбір жазбаларда 1888 жылы, ал басқа мақалаларда шамасы 1893-94 жылдары қайтыс болған деп айтылады. Арал бойының халқы биді "Үмбет молда" атап кеткен. Себебі ол діни имандылық жолында біраз еңбек еткен. Заман ағымына қарай ел басқару ісіне қарай бет бұрыпты. Ол әділ билігімен бірде шешендік сөзімен айналасындағы дау-жанжалдарды шешіп көзі тірі кезінде «Пірлі би» аталған. Үмбет бидің есімі Қазалы уезінің түрлі бөлімдеріне а .....