Әдебиет | АБАЙ ЖОЛЫ РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың творчествасында үлкен орын алған тақырып. Жазушының Абай өмірі мен творчествасына ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу жолында сіңірген қыруар еңбегі өз алдына бір төбе. Ол 1939 жылы өз Л. Соболевпен бірге «Абай» атты трагедиясын 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуымен байланысты «Абай» операсының либреттосын және «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды. Алайда жазушының Абай образын кемеліне келтіре суреттеп, сомдап соққан классикалық шығармасы – «Абай жолы» атты төрт томдық эпопея. Қоғам құбылыстарын бойына мол сіңірген. Бұл эпопея елдің рухани үлгісі болған Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі жайында сөз қозғайды. Халық қамқоры, «Қалың елім, қазағым» деген Абайдың адал өсиетті ойлы жандардың көкірегіне ұялап, оларды болашаққа мезгеген.
Абай жайында рн жазу жолында жазушыға кездескен кедергілер мен қиындықтар аз емес. Ең алдымен материал тауып, жинаудың өзі қияметтей қиындық келтірді. Сондықтан да жазушы өз жағдайын қоналқаға кем жетіп, өшіп қалған күл арасынан болар-болмас шоқ тауып, оны өз демімен үрлеп, жылытып, от тұтатқан жүргінші жолаушыдай сезінгені мәлім. Құнанбай, Абай, Бегеш, Жиренше, Оразбай, Базаралы тағы өзгелер туралы көп білетін көнелер, ақылгөй ақсақалдар халық шежіресі қариялардың айтқандарын жазушы әр кезде жалықпай жазып отырған. М. Әуезов бұл жайды былайша баяндайды: «Жас шағында Абайдың іні-досы Кәкітай, Көкпай, Мұқа сияқты кісілерден естігенім романды шындық мәліметтермен толықтыра түсуге көп себеп болды. Абайдың әкесі Құнанбаймен көп алысқан Жігітек сияқты рулардың қарт-қариясымен көп кездескенім бар. Абайдың өмір бойы досы болып өткен ертегіші Баймағанбет те көп қызық жайларды баян еткен еді» ....
Рефераттар
Толық