Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР «Тілдер туралы» Заңы қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияның 7-бабында былай делінеді: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды». 1997 жылы 11 шілдеде ҚР «Тілдер туралы» жаңа Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі. ҚР «Тілдер туралы» Заңының 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 38 Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Мәтіндер
Толық

Тәуелсіздікке 29 жыл!

Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев). Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан....

Эсселер
Толық

Цитоплазма органоидтары: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

Химия-биология апталығы: «Жаратылыс ғажайыптары – ғылымдар әлемінде»

    Ашық сабақ тақырыбы: Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

 Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Оспанова Ұ

Сыныбы: 10 «А»

2018/2019 оқу жылы

Әдістемелік жұмыстар
Толық

Әдістемелік жұмыс. "Әлемді биология арқылы таны" сайыс жоспары

Арал қаласы, Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі

Химия-биология апталығы «Табиғаттың құпиясы тұңғиық

                                         Көз жетпейтін мұнарасы тым биік»

Сыныптан тыс жұмыс. Ұйымдастырушы: химия-биология пәні мұғалімі   Ұ.Оспанова

Қатысушы сыныптар: 8-сынып оқушылары

Болатын уақыты: 20 қазан. 2020 жыл. Сағ: 10-30

Әдістемелік жұмыстар
Толық

Информатика 8 сынып (1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі орта мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 8-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық

Информатика 6 сынып (1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі орта мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 6-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық