Медицина | Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер

Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу
Қазақстан аймағының эпидемиологиялық жағдайы. Қазақстанның кең-байтақ территориясында әр түрлі климатты географиялық сипаттамасында обаның, туляремияның табиғи ошақтарының болуына, көптеген елді мекендерде тазалық жағдайларының жетілмеуіне байланысты эпидемия (аурулар індеті) түріндегі өте қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болуының барлық алғышарттары бар. Одан бөтенде олардың туындауына халықаралық байланыстардың кеңеюі, қанағаттанғысыз санитарлық-тазалық жағдайлар мен тұрғындардын қалаға шоғырлануы себеп болуда. Халықтың көшіп-қонуы медициналық дәрі-дәрмекті, құрал-жабдықтарды уақытылы жеткізуге мүмкіндік бермейтін көршілес елдер арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы да себеп болады.
Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия секілді іш аурулары, грипп басқа да жұқпалы инфекциялар, дифтерия, қызылша, көкжөтел, полиомелит, эпидемиялық паротит, туберкулез, құтырыну," бруцеллез, кене энцефалиті, безгек, оба, жұқпалы сары ауру, тырыспай, түйнеме (сибирь язвасы) тіркелген.....
Курстық жұмыстар
Толық