Жаға

Баяғыда бір сәнқой болыпты. Оның жатса-тұрса бар ойлайтыны етіктің қалыбы, тарақ және тамаша бір сәнді жаға болыпты. Міне, әңгімеміз де сол жайында болмақ.

Жарық дүниеде біршама ғұмыр сүрген сол қыстырма жаға енді үйлену жайлы ойлана бастады. Бірде оның шұлықтың баулығымен жуылуына тура келді.

— Ой, – деді жаға. – Неткен сымбат, неткен......
Ертегілер
Толық

Ескі үй

Бір көшеде, шамасы осыдан үш жүз жылдай бұрын салынған, әбден тозығы жеткен үй тұратын. Оның ертеде салынғандығына көз жеткізу де оңай. Өйткені үй шатырының бұтағындағы қызғалдақ пен құлмақтан жасалған әшекей өрнекте оның қай жылы салынғаны, ал оның астына көне әріптермен және ертедегі емле ережелерін сақтай отырып бір шумақ өлең ойылып жазылған. Барлық терезе маңдайшаларынан мардымсып аузын қисаңдатқан, кейпі ішек-сілеңді қатыратын кескінсіз кісінің жүзі бірден көзге шалынатын. Үйдің жоғарғы қабаты төменгі қабатына қарағанда әжептәуір аумақтырақ......
Ертегілер
Толық

Айырмашылығы бар ғой

Май айы болатын. Ауа райы әлі де біршама салқын. Алайда, табиғат шіркін бұталар да, ағаштар да, дала да, көгалдар да көктемнің келгенін сездіріп-ақ тұр. Көгалдар гүлдерге толы. Гүлдер қолдан жасалған қоршау ішінде де жайнап кетіпті. Ал оның қасында нағыз көктемнің белгісі гүлге малынған кішкене алма ағашы көз тартады. Әсіресе оның жаңа өркен жайған, жас, қызғылт бүршігі енді қауыз жара бастаған бір бұтағы айрықша әдемі еді. Өзінің көріктілігін ол да білетін. Сұлулықты сезіну қасиеті оның түп-тамырына сіңген болатын. Бұтақ сол себептен де жолға кетіп бара жатқан күйме алма ағашының дәл қасына......
Ертегілер
Толық

Алдардың өлген кемпірді екінші рет өлтіруі

Бал аштырам деп кемпірді өлтіріп алған баяғы хан, не істерін білмей, қазы-билері болып жиналып, ақыл таба алмай, сол күнге дейін дағдарып отыр екен деседі. Ақырында бір қазысы:

— Алдар деген бір қу бар екен. Ақыл тапса, сол табар, — деп ханға хабар етеді. Дағдарып отырған хан Алдарды алдырады.

— Солай да солай. Сұрағаныңды ал. Мыстан кемпірдің жеті баласынан құтқар, — дейді.

— Жарайды. Бірақ, маған үлкен шеніңді......
Ертегілер
Толық

Алтын бала

Барабаншының әйелі шіркеуде болып, әр түрлі сурет және ағаштан жасалған бұйымдармен безендірілген жаңа альтарьға сұқтана, қарады. Олар көздің жауын алардай еді. Басын айналдыра зерлеген кенеп матадағы суреттер де, ағаштан жонылған, сосын боялып, алтын жалатқан бұйымдар да, шынында да, көз қызығарлықтай болатын. Суреттегі адамдардың шаштары күн сәулесімен шағылысып, алтындай сан құбылып, соншалық ғажап болып көрінді. Ал күн сәулесінің сұлулығы одан да ерекше болды......
Ертегілер
Толық

Бағбан мен мырзалар

Астанадан бір мильдей жердегі ескі усадьбаның нақ ортасында шомбал қабырғалы етіп, айшықтандырып салған байдың мұнаралы, сәнді үйі тұрушы еді. Бұл үйде айналаға әйгілі ерлі-зайыпты бай дворян мекен ететін. Расын айтсақ, олар мұнда тек жазда ғана келіп тұратын, бірақ олардың ен бір сүйікті жері болды. Үйдің сыртына іші сай әрі ыңғайлы, әрі жайлы-ақ еді. Оның маңдайшасына үй қожасынын тастан қашап салынған гербі үйдің сәніне сән қоса түскендей. Бұл гербті ғажайып райхан......
Ертегілер
Толық

Бар онда әкел мұнда


Бұрынғы заманда бір патша бар екен, ол патшаның бір жақсы уәзірі болыпты. Сол уәзір тағдыр жетіп өліпті. Өлген уәзірдің бір жақсы баласы қалыпты. Баланы патша шақырып алып:

— Сен маған әкеңнің орнына қызмет қылып, уәзір болуға жараймысың? – депті. Бала тұрып сонда:

— Сіз уәзірлікке ұнатсаңыз, жарар едім, – деп жауап беріпті.

Патша оны қабыл көріп, уәзірлікке алады. Бала патшаға күніне тоқсан үйрек атып беріп қызмет етеді және қандай қызметке бұйырса да әкесінен артығырақ етіп орындап, патшаға жағымды болады.......
Ертегілер
Толық

Қали мен Қази


Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Екеуі бірнеше жыл жер астында жүріп, өнер үйреніп еліне оралады. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін танымайды. Екеуінің де тырнақ, шаштары алынбаған, денелерін түк басып кеткен. Бет-әлпеттері адам шошырлық екен.

Екеуі елге сыя алмаған соң, бір дарияға барып, Қали балық болып жүзіп, Қази құс болып ұшып кетеді.......
Ертегілер
Толық