Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен қаттылығы осы көрсеткіштердің агрономиялық сипаттамасы

Топырақ негізінен бір-бірімен өзара тығыз байланысты төрт бөліктен (фазадан) тұрады: газ немесе топырақ ауасы, сұйық немесе топырақ ерітіндісі, қатты бөлігі және тірі бөлігі (топырақтағы тірі организмдер). Топырақтың осы төрт бөлігі оның механикалық, химиялық құрамдары мен агрохимиялық қаситтеріне жан –жақты әсер етеді.
Топырақтың газды фазасы – топырақтағы судан бос кеуектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы ауадан өзгеше болады. Топырақ ауасы өсімдік тіршілігіне, және оның тамырлары мен аэробты микроорганизмдердің тыныс алуы үшін маңызды роль атқарады. Топырақ ауасының құрамында көмірқышқыл газы көп (проценттің оннан бір бөлігінен 2-3% дейін ), оттегі азырақ болады. Топырақ ауасында көмірқышқыл газының көлемінің жоғары болуына, оны мекендейтін әр-түрлі аэробты организмдердің оттегіні пайдаланып, бұл газды бөліп шығару мен органикалық заттардың ыдырауы, атмосфера мен топырақ арасындағы газ алмасу құбылысы, топырақ ылғалдылығының шамадан тыс жоғары болуы ықпал етеді. Мұның өзі өсімдіктің дұрыс өніп -өсуі үшін су мен ауа белгілі бір қатынаста болуы керек екенін көрсетеді.
Топырақтың тірі фазасы –бұл топырақты мекендейтін және топырақ түзу процесіне қатысатын барлық тірі организмдер.
Табиғатта топырақтар барлық фазаларының бірлігі арқылы бір физикалық дене сияқты тіршілік етеді.

Топырақтың сұйық фазасы
Топырақ ерітіндісі топырақтың жалпы массасының 20%-ін құрайтын оның ең жылжымалы, өзгермелі және белсенді бөлігі. Топырақ ерітіндісінің құрамына минералдық, органикалық, заттармен еріген газдар (оттек, аммиак, көмірқышқыл газы) енеді. Бұл фазаны топырақ денесінің «қаны» деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және көлденең жылжуы нәтижесінде топырақ пішінінде қабаттар бөлінеді. Топырақ ерітіндісінің құрамы мен концентрациясы тұрақты емес, ол түрлі биологиялық, химиялық, физика- химиялық құбылыстардың әсерінен өзгеріп тұрады. Мәселен, тыңайтқыш қолдану, топырақтағы ылғалдың азаюы, органикалық заттардың минерализациялануының қарқынды өтуі, оның құрамындағы тұздардың мөлшерінің көбеюіне, ал өсімдіктің топырақтағы қоректік заттарды пайдалануы, қоректік заттардың топырақтың төменгі қабатына-шайылуы немесе суда еритін қосылыстардың ерімейтін күйге ауысуы, топырақ ерітіндісіндегі тұздардың концентрациясының төмендеуіне ықпал етеді. Топырақтың сұйық бөлігінің құрамы ерітінді мен топырақ коллоидтарының арасындағы алмасу реакциясының әсерінен де өзгереді
Топырақтың қатты фазасы
Топырақтың қатты фазасы механикалық элементтер деп аталатын әртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұрады. Олар тау жыныстарының үгінді сынықтары, жеке минералдар, қарашірінді заттар, органикалық және минералдық заттардың өзара әрекеттестіктерінен пайда болатын минералды, органикалық және органо- минералды болып келеді.
Механикалық элементтердің (фракциялардың) салыстырмалы мөлшерін топырақтың грануметриялық құрамы деп атайды.
Диаметрі 1 мм- ден ірі топырақтың механикалық бөлшектері оның қаңқасын ал 1 мм- ден уақ бөлшектері ұсақ ұнтақ бөлімін құрайды. Өз кезегінде ұнтақты бөлшектер физикалық құмда (0,01 мм ірі бөлшектер) және физикалық сазға (0,01 мм уақ) бөлінеді.
Топырақтың гранулометриялық құрамы. Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі. ....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы