Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Это важно!

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Өлеңдер
Толық

Артур Конан Дойл | Интернатта болған жағдаят

Бейкер-стриттегі қарапайым сахнамыздан не қилы шиеленісті эпизодтар көрініс берген еді, алайда онда өнер магистрі, философия докторы, т.б. және т.т. атақ иегері Торникрофт Хакстейбл алғаш пайда болған кездегідей мүлдем тосын әрі таңғаларлық нәрсені әлі ешқашан жолықтырған емен.

Ғылыми дәрежелердің осындай ұзақ тізбесі үшін тым - тым бәлекей көрінетін визит кәртішкесі одан бірнеше секунд бұрын ғана кірді; кәртішкенің ізін ала оның өзі де, бұл ұстамдылық пен табандылықтың айғақ нышанындай ұзын бойлы, денелі, маңғаз адам еді, - бой көрсетті. Сөйтіп, ішке кірген бойда - ақ екі қолымен үстелге тіренді де, ақырын-ақырын еденге шөге бастады, сосын есінен танып құлап, каминіміздің алдына жайылған аю терісінің үстіне еңгезердей денесімен ұзынынан түсіп сұлап жатты.

Орнымыздан атып тұрып, өзімізге әлдебір алыс қиырда, шетсіз де шексіз өмір теңізінде тұрған сұрапыл күшті дауыл жеткізіп берген, күйреу мен қираудың осынау қомақты кесегіне бір минуттай үнсіз таңырқай қарап қалдық. Одан соң Холмс жедел қимылдап басының астына көпшік салды, ал мен аузына бір рөмке коньяк тостым. Бейтаныстың қуқыл тартқан толық бетін терең әжім торлапты; ісініп кеткен көздерінің астына көкшілтім түсті кіреуке қоныпты; жартылай ашық қалған аузының езулері ерепейсіз салыңқы тартып кеткен; бұғағынан қылшықтар қылаңдайды. Шамасы, ол жырақтан келсе керек, себебі жағалығы мен көйлегі кірлеп кетіпті, көптен таралмаған шашы жазық та әсем маңдайына тұтам - тұтам боп қонақтаған. Біздің алдымызда әлденендей бір үлкен қасіретке душар болған адам жатыр еді. .....
Әңгімелер
Толық

Тым қатты сүйдім

Интернатта әр сенбі күні дискотека болатын. 1- Желтоқсан, сол дискотека болатын сенбілердің бірі еді. Жанболат екеуміз Жаңылды бір уақытта биге шақырып қалдық. Жаңыл менімен билеуді шешті. Екеуміз аяқ қолымыз талғанша ұзақ биледік. Дискотекадан кейін оған деген махаббат сезімім болмасада сөз айттым, ол .......
Махаббат хикаялары
Толық