Информатика | ИНФОРМАТИКА ПӘНI ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ “АҚПАРАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ” ПРОЦЕСІ

"Ақпарат" (информация) термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын үрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған қүбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Қазіргі қоғамда ақпараттық қоғам деп атау жиі қолданылып жүр, себебі қоғамда айналымда жүрген ақпарат мөлшері үлкен жылдамдықпен артуда. Сонымен қатар мол ақпарат мөлшерін сақтап , өңдеп, тасымалдап және оларды тиімді пайдалану үшін қажетті техникалық құралдардың күннен-күнге жаңарып , өсуі де кем қолмайды.
Ақпараттың осындай жылдамдықпен айналуы қоғамдағы барлық өндіріс орындарында, әлеуметтік салада, экономикалық және саяси өмірде жақсы көмегін тигізеді. Сонымен қатар адамзаттың білімінің деңгейін көтеру талабын қойып отыр.
Компьютерлік техника мен ақпараттық технологияның жылдам дамуы. Ақпаратты пайдаланушы ақпарат қоғамның дамуына зор әсерін тигізуде ....
Курстық жұмыстар
Толық