Заттар туралы жұмбақ


Заттар туралы жұмбақтар жауабымен


Ерте тұрдым,

Алып ұрдым.

Етік

Ерте тұрдым,

Екі айыр жолға түстім.

Шалбар

Әшейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің.

Айна

Белі букір - алыска тукір

Мылтык

Үш көзінде жалын-от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар.

Бағдаршам

Бір көзім "кідір: дейді,
Бір көзім "жүгір” дейді.
Бір көзім "абайла” дейді
"Қарап ал маңайға” дейді.

Бағдаршам

Бұдан бір қорқады,
Судан бұл қорқады.

Сабын

Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Таппайтұғын жолы жоқ.

Хат

Күн ашықта құр тұрамын,
Бұлтты күні қыдырамын.

Қолшатыр

Сырты жаз,
Іші қыс.
Бұл не?

Тоңазытқыш

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

Шар

Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.

Шарэ

Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.

Шар
Мойынынаң ұстаймын, ішінен қыдықтаймын. Ол не?

Домбыра

Бір муйізіді, бір көзді.

Ине

Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған.

Домбыра

Әй, керемет бір ит бар,

Үй бағады үрмейді,

Аяғы жоқ жүрмейді,

Ұлықсатсыз ол иттен

Адам үйге кірмейді.

Құлып

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу