» » » » Балабақша сабақ жоспары: Жаңа жыл

Балабақша сабақ жоспары: Жаңа жыл

Балабақша сабақ жоспары: Жаңа жыл казакша Балабақша сабақ жоспары: Жаңа жыл на казахском языке
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке,әсемділікке,шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге,аялауға,еңбек етуге үйрету,тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші:Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі.
Бауырсақ: Тимеші мені
Жемеші мені
Жаңа жылды тойлауға барамын.
Асыр салып би билеп,
Қошаметке мен қаламын
Түлкі: Жоқ, жоқ. Мен сені жеп қоямын, бауырсақ.
Жүргізуші: Қой, түлкі, тиме бауырсаққа. Оданда бізбен бірге шырша мерекесін тойлауға қалда, қызықты тамашала.
Түлкі: Ендеше мен орманға кетемін (шығып кетеді)
Артынан жүгіріп қоян кіреді, шыршаны айнала «Құтқарыңдар, құтқарыңдар!» деп жүгіреді.
Жүргізуші: Қоян-ау, саған не болды?
Қоян: Қасқыр қуып келді. Біз аяз атаны қарсы алуға шығып едік. Жолда түлкі мен қасқыр бізді қуды. Әне қасқыр келді. Құтқарыңдар!(қасқыр кіре қоянға ұмтылады,жүргізуші оларды тығады).
Жүргізуші: Батырым-ау,бұл қай басыңғаның! Тоқтат енді. Көк жалды, айбарлы, қулағаның «қасқыр» деген даңғына сай емес қой. Ал айт жөніңді мына қоян саған неге қажет болды?
Қасқыр: Түлкі ғой,ұста деген.
Жүргізуші: Неге? Өзі қайда?
Қасқыр: Өзі Аяз атаны балабақшаға келтірмей адастыруға кетті. Ал мен қояндарды жегім кеп, осы жерге жеттім.
Жүргізуші: О, қу түлкі, жүрген жері айқай шу,түлкі! Бауырсақ бір қуып, қояндарды үркітіп, бір шатақты ұйымдастырмаса жүре алмайды-ау. Қасқыр сен қазір балаларға қонақ болып осында қаласын. Ал қоян мына жедел хатты ормандағы Аяз атаға жеткізсін. (Қояндар хатты алып шығып кетеді).
Би: «Балапандар»
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата жоқ қой әлі. Мүмкін бір дауыспен Аяз атаны шақырамыз?
-Аяз Ата, Аяз Ата!
Есік ашылып Ақшақарын ертіп аяз ата кіреді.
-Сәлеметсіндерме балалар! Жаңа жылдарын құтты болсын! Алыс жолдан келіп қалдым, Ақшақарымды ертіп алып, қандай өнерлерін бар екенін тамашалауға. Кімнің өлен тақпағы бар, мен соны тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Әсем әнде, биде бар
Отыр, Ата, сәл демал!
Ақшақар:Көрікті шыршамыз,
Шамдары самсаған.
Көңілді ұлпамыз.
Көп билеп бұралған.
Жүргізуші: Аяз ата, біздін балаларымыздын әнін қабыл ал.
Ән: «Тауда туып»
Жүргізуші: Аяз ата әнмен қатар біздің балалардын жаңа жылға, сізге, Ақшақарға арнап дайындаған тапақтар бар соларды қабыл алыңыздар.
Даниял: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны
Кімнің әні, күйі бар?
Кімнің әсем биі бар?
Кімде жақсы тақпақ бар?
Жаңа жылды мақтап қал!
Той-маскарад басталды,
Жанэлия: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық
Ақ күміс қарларды.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Аяз ата осы неге біздің шыршамыздың шамдары неге жанбайды?
Барлығымыз бірге аязатаға көмектесейікші.
Қуант бізді танырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Жүргізуші: Біздін балалардың тапақтарың тамашалаңыз.
Балерке: О, алақай, Аяз ата
Келе жатыр алыстан
Кел,билекік, үйренейік
Ол келгенше жаңа асыр!
Әділжан: Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл!
Бәрекелді балалар. Барлығыңда мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар: Ал құрметті Аяз ата осындай ақылды балаларға сіздің сыйлықтарыңыз бар ма?
Аяз ата: Әрине барғой. Бағана түлкі алып қалып еді көмектесемін деп. Түлкі, әй түлкі қайдасын өзің?
Ортаға қобдишамен түлкі келеді.
-ха,ха,ха алдап қойдым, алдап қойдым.
Аяз ата: Түлкі жылдам айт, сыйлықты қайда жібердің?
Осы кезде шаңаны сүретіп бауырсақпен қоян кіреді.
Бауырсақ: Аяз ата, ренжеме түлкімен қасқырдан құтқарындар. Рахмет! Міне сендердін силықтарың, дегенде қасқыр кіріп келеді сендер менсіз балаларға силық таратып отырсындарма деп бірге Аяз атамен силықтарды таратады, соған қызыға қарап түлкіде менде еңді олай істемеймін деп барлығы достасып силық таратады.
Аяз ата: Рахмет сендерге балалар,біз енді қайтайық,басқа топтыарды аралап, дос болуға тәрбиелейік деп шығып кетеді.
Артынаң: Қоян, Қасқыр, Түлкі, Бауырсақ рахметтерін айтып қол ұстасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Әкелді жыл тыныштық.
Жарқын өмір жаңаша!
Жаңа жыл тамаша!
Осымен біздін жаңа жыл мерекесіне арналған концертік бағдарламамыз аяқталды. Назарларынызға рахмет. .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 40 | 6.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Жаңа жыл арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Жаңа жыл, балабақшаға Жаңа жыл арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары балабақша жы, Балабақша сабақ жоспары: Жаңа жыл