» » » » Балабақша сабақ жоспары: Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Балабақша сабақ жоспары: Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Балабақша сабақ жоспары: Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын казакша Балабақша сабақ жоспары: Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын на казахском языке
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге Халықаралық аналар мерекесі баршаңызға құтты болсын! Әрбір отбасында тыныштық, береке тілей отырып ертеңгілігімізді бастаймыз
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсыз да балғын шақта балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Рабиға Көптілеуқызына беріледі.
«Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Айнадинова Кәусардың орындауында «Маленькая страна» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Балалар жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Көктем

Жүргізуші: Балалар, көктем аруын ортаға шақырайық
Балалар: Көктем, көктем

Көктем:
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауамда
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелем
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын!

Жүргізуші: Амансыз ба Ару көктем? Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз!
Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер!

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған әжелерге, аналарға, қыздарға сыйлаймын. Осы гүлдей құлпыра беріңдер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Балаларымыздың «Айналайын анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:

Дана: Құтты болсын, ардақты ана
Асыл ана мерекең

Санжар: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Әбілмансұр: Апам мені айым дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Би: Бір топ бүлдіршіндер «Шөжелер» биі

Тақпақтар:
Іңкәр: Мен гүлді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.

Айдидар: Әжемнің мейрамы,
Апамның мейрамы,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.

Ән: «Қуанышы ананың» Бір топ бүлдіршіндер
«Ақжелкен» тобының тәрбиеленушісі Қолғанат Ақтілектің орындауында
«Менің елім» әнін қабыл алыңыздар.

Би «Көбелектер»
Ән: «Ақ әжем»
Ойын: Ата – аналармен

Жүргізуші: Әлемде өзгермейтін үш нәрсе бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ендеше сіздер үшін есейіп кетсе де сәби болып қала беретін балапандарыңыздың бүгінгі сіздерге арналған жыр әндерінің аяқталу кезеңіне де келіп жеттік.

8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнай беріңіздер!
Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын, келесі кездескенше аман сау болыңыздар!.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 47 | 28.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын, балабақшаға Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша, Балабақша сабақ жоспары: Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын