» » » » Балабақша сабақ жоспары: Менің достарым

Балабақша сабақ жоспары: Менің достарым

Балабақша сабақ жоспары: Менің достарым казакша Балабақша сабақ жоспары: Менің достарым на казахском языке
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
Сабақтың мақсаты: Баланың өзін - өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету, досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, гүлдер, жұмсақ ойыншықтар, кірпіштер (сурет жапсырылған), бетперде (ит), кеспе әріптер, айна, түрі - түсті бояулар, дидактикалық, қисынды ойындар.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, әр түлі ойындар, тосын сәт, психологиялық жаттығу, сиқырлы хат, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, тақпақтар, сергіту сәт, сахналау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.
Балалар: Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер – ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату – тәтті болайық!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің достарым» - деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым - қатынасты, бір - біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым - қатынаста. Балалар сендер де бір - бірлеріңді ренжітпей тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы болыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.
Таңғажайып сәт: (Осы кезеңде топқа есікті қағып Дымбілмес кіріп келеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдар бізге қонақ келіпті. Бұл кім болды екен?
Балалар: Дымбілмес.
Тәрбиеші: Дымбілмес сен неге есікті қатты қақтың?. Сені біреу ренжітті ме?
Дымбілмес: Менімен ешкім сөйлеспейді, ойнамайды, ешкім дос болмайды. (Дымбілмес жылайды).
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар. Дымбілмеспен неге ешкім дос болмайды?
Балалар: Ол балаларды ұрады, мазақ етеді, жаман сөздер айтады.
Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтады. Осындай жаман қылықтарың үшін ешкім дос болмайды. Сен жаңа балалармен амандасқан жоқсың ғой.
Дымбілмес: Мен сәлемдесуді білмеймін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ.
Тәрбиеші: Балалар достық сәлемдесуден басталады. Қанекей біз Дымбілместі сәлемдесуге үйретейік.

Ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.
Рахым: - Ассалаумағалейкум.
Ердәулет: - Әлекумассалам.
Зарина: - Здравствуйте.
Назира: - Здравствуйте.
Ерасыл: жүрегінің тұсына қолын қойып иіледі.
Тәрбиеші: Рахмет балалар.
Өте жақсы балалар, достар бір - бірімен қалай танысады, амандасады.
Менің атым Арина, Сәлем!
Сәлем, менің атым Гүлназ.
Дымбілмес: О, қандай керемет!. Мен сендерден танысуды, дос болуды үйрендім. Енді достарыма барып, осының бәрін көрсетемін. Рахмет балалар.
Тәрбиеші: Дымбілмес балалармен бірге ойынын көріңіз, сабаққа қатысыңыз.

Сергіту сәті: «Шаңырақ»
Балалар: Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін достық туралы әңгіме айтып отырмыз. Балалар үстелдің үстінде кірпіштер қойылған, кірпіштердің ішінде сиқырлы сөз жазылған сол сөзді табуымыз керек. Оны табуымыз үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жұмбақты шешсеңдер барлық әріптер ашылады.
Сол аяқпен – оң аяқ,
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
(Доп)
Тәрбиеші: Доп сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Балалар: Д – дыбысы. (Д - ды дыбысы ашылады)
Әжем көрпе тігеді,
Бетіне өрнек салады.
(Ою) (О - ды дыбысы ашылады)

Сырт - сырт етеді,
Уақыт өтеді.
(Сағат) (С - дыбысы ашылады)
Ақ көйлекті көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
(Тал) (Т - дыбысы ашылады)

Кесе, шыны, пияла,
Онсыз шәй құяма?
Қасықсыз тамақ ішпейміз,
Оның бәрін не дейміз.
(Ыдыстар) (Ы - дыбысы ашылады)

Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
(Қарбыз) (Қ - дыбысы ашылады)

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай сиқырлы сөз шықты.
Балалармен бірге оқимыз Д О С Т Ы Қ.
Тәрбиеші: - Достық дегеніміз не?
- Сенің досың кім?
- Сен кіммен дос болғың келеді?
Балалар жеке - жеке сұраққа жауап береді.
Тәрбиеші: Балалар өткен сабақта «Адал дос» әңгімесін сендерге әңгімелеп бердім. Енді осы әңгімені өздерің сахналап көрініс көрсетесіңдер.
«Адал дос», әңгімесін балалар сахналайды.
Тәрбиеші: Рахмет балалар нағыз достар осындай болады.
Тәрбиеші: Балалар бізге сиқырлы хат келіпті. Қане ашып оқып көрейік. Бұл хатта сұрақтар, достыққа байланысты сиқырлы сөздер жазылған.

1 - ші сұрақ: Балалар сендер достық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Зарина: Дос дегенің өмірдегі тірегің,
Дос дегенің кеудедегі жүрегің.
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің!.
Ерасыл: Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Сенімді боламыз.
Алибек: Балдырған балалар,
Досты бағалар.
Есіңде сақта,
Адал бол, шыншыл бол,
Өтірік айтпа, сөзіңнен қайтпа.

2 - ші сұрақ: Достық туралы мақал - мәтелдер айтып көрейік.
Назира: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Рахым: Жақсы дос жанға – серік,
Жаман дос – малға серік.
Ердәулет: Жолдасы бардың олжасы бар.
Салтанат: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

Ойын: «Менің айтуым бойынша».
Ойын шарты: Балалар мен бір баланы суреттеп айтамын, сендер сол баланы табуларың қажет (ол кім?) 2 – 3 баланы суреттеп айту.
Тәрбиеші: Балалар енді әрі қарай ойынымызды жалғастырамыз. «Айнаға қарашы».
Айнаға қарап көңілсіз адамдарды көрсетеміз, енді күліп көңілді, қуанамыз, ойланып отырамыз. Жақсы, енді көңіл күйлеріңді алдарыңдағы шарға бейнелеңдер. Ол үшін мына суретке қараңдаршы.
Тәрбиеші: Мынау қандай адам?
Балалар: Көңілді адам. (Көңілсіз адам)
Тәрбиеші: Балалар егер сендерге сабақ ұнаса көңілді адамды, ұнамаса көңілсіз адамды бейнелейсіңдер.
Бәрің шарларыңды сол қолдарыңа алып ұстап отырыңдар, оң қолдарыңмен маркермен суретті қатты баспай салыңдар. Енді жұмысқа кірісіңдер, әр баланың қасына барып бағыт беру.
Тәрбиеші: Сурет салып болсаңдар - әсем шарларыңды қолдарыңа ұстаңдар. Балалар сендер қандай адамның келбетін салдыңдар.
- Балалар кезекпен жауап береді
- күліп тұр, көңілді тұр, ашулы.
Тәрбиеші: Балалар шарларымызды жоғары ұстап, Күн шуағының айналасына тұрып, тілектерін айтады.
- Денің сау болсын!.
- Әрдайым күліп жүрейік!.
- Әрқашан күн сөнбесін!.
- Елімізде тыныштық болсын!.
- Досымыз көп болсын!.

Тәрбиеші: Балалар енді сабақтан алған жақсы көңіл күйлерімізбен қолымыздағы шарымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Балалар ән әуенімен шарларын ата - аналарына, тәрбиешілерге сыйлайды.
Сабақты қорытындылау. «Өзің жақсы болсаң досың да көп болады».
«Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан, бәріміз дос болып, қуанышымызды бірге бөлісейік.
Балалар келген қонақтармен қоштасады .....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 47 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Менің достарым арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Менің достарым, балабақшаға Менің достарым арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары балабақ, Балабақша сабақ жоспары: Менің достарым