» » » » Балабақша сабақ жоспары: Ойыншықтар сыры ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Ойыншықтар сыры ойыны

Балабақша сабақ жоспары: Ойыншықтар сыры ойыны казакша Балабақша сабақ жоспары: Ойыншықтар сыры ойыны на казахском языке
Сабақтың мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорын молайту.
Балалардың қабылдау, есте сақтау қаблетін дамыту. Ойындар ойнату арқылы балалардың ынтасын арттыру.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар, үлгі суреттер, үнтаспа.
Әдіс -тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап ойыны.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыка әуенімен залға қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге күн сәулесін төгіп тұр. Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылулық алайық. Осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, күліп қарап жылы лебімізді білдіриік. Осы алған жылуды бәріміз бір ортаға жинап, топты нұрландырамыз.
Осы кезде әсем әуенмен Күлдірген келеді.
Күлдірген:
- Сәлеметсіздерме, балалар?
- Сәлеметсіз бе?
- Мен балалар күлдіргенмін.
- Балалар сендердің аттарын кім?
- Менің атым Назерке.
- Ал сенің атың кім?
- Менің атым Темірлан.
- Ал сенің атың ше?
- Менің атым Әсем.
- Ал сенің жасың ше?
- Менің жасым екі де.
- Ал сенің жасың нешеде?
- Менің жасым үште.
Ой қандай жақсы балалар аттарың да, дастарың да нешеде екенін біледі екен.
Күлдірген: Апай мен керемет сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға керемет көрсетіп берейн бе?
Тәрбиеші: Жарайды көрейік, кереметіңді көрсетші онда. Үстел үстінде түрлі-түсті әдемі ойыншықтар тұрады, беті жабулы, Күлдирген жапқышты ашып қалғанда...
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса қане балалар ойыншықтармен сырласайқ. Сендер қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар айтыңдаршы? Аю, қоян, ит, қой, сиыр, мысық.
Балалар, мысық қалай дыбыстайды екен?
- Мяу-мяу дейді,
- Қане балалар қайталаңдаршы мяу-мяу.
- Қой қалай дыбыстайды?
- Бә-бә дейді.
- Ал сиыр ше?
- Мө-мө дейді.
- Ал ит ше?
- Аф-аф дейді.
Балалар сендер қандай ойыншықтар жақсы көресіңдер?
- Мен мысықты жақсы көрем.
- Мысықтың түсі қандай?
- Сары.
- Бізге құлағын көрсетші?
- Құлағы міні.
- Дұрыс.
- Мысық не ішеді екен?
- Сүт ішеді.
- Осы мысық туралы тақпақ білесің бе?
- Иә.
Пеш түбінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Назерке сен қандай ойыншықтарды ұнатасың?
- Қоянды қнатамын.
- Қоянның аяғы барма?
- Иә.
- Құлағы ше?
- Иә бар, құлағы ұзын.
- Қоян не жейді?
- Сәбіз жейді.
- Қоян туралы тақпақ білесің бе?
- Иә.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен ,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Нұрсылтан сен қай ойыншықты алдың?
- Допты.
- Доптың түсі қандай?
- Көк.
- Дотың пішіні қандай?
- Дөңгелек.
- Доп туралы тақпақ білесің бе, айта қойш.
Добым, добым домала,
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды,
Жек көремін оныңды.
Балалар мына доп әдемі екен. Қане осы доппен ойын ойнайықшы.
Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөліп, бір- біріне жылдамдылықпен доп беру ойыны.
Қане балалар санаймыз бір, екі, үш дегенде бастаймыз. Енді балалар, бала-бала балақан әнімен серуен жаттығуын жасайық.
Бала-бала балақан,
Қане қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ болайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
Ойын: Күлдірген балалармен бірге пирамидалар құрастырады, балалармен бірге жарысып мұнара құрастырады.
Күлдірген: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Күлдірген балаларға ойын шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: Кіші пирамидаларды құрастырп жинайды. Күлдірген әр баланың алдына жеке-жеке пирамиданы беріп, содан мұнараны құрастырп жарыстырады. Өзі де балалармен жарысып ойнайды. Тез құрастырған баланы Күлдірген мадақтайды.
Тәрбиеші: Қане балалар осы ойыешықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыешықтар.
Күлдірген: Балалар мен сендермен қоштасайын, мені басқа да топта балала күтіп тұр. Әлі де сендерге қонаққа келемін.
Тәрбиеші: Балалар біз ойыншықтар сырымен таныстық. Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білесіңдер, ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет. Балалар, енді қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 34 |



Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақша балалар арналған Ойыншықтар сыры ойыны ойын ойындар балабакша, балабакша ойын турлери балалар, балаларға арналған ойындар, подвижные игры для детей на казахском языке, Ойыншықтар сыры ойыны, балабақша балалар арналған Ойыншықтар сыры ойыны ойын ойындар балабакша балабакша ойын турлери балалар балаларға арналған ойындар подвижные игры для детей на казахском языке Ойыншықтар сыры ойыны, Балабақша сабақ жоспары: Ойыншықтар сыры ойыны