Қызыл алма

 Қызыл алма

Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным» Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: «Жапсыру» Тақырыбы: «Қызыл алма» Мақсаты: балаларға берекелі күз туралы түсінік беріп, күз сыйы көкөністер мен жемістерді айыра білуге, бейнені дұрыс орналастырып, кеңістікті бағдарлай білуге, түс терді таңдай білуге үйрету. Методикалық әдіс: Ойын: «Дәмін тат та, атын айт». Жапсыру бағытын түсіндіріп, көрсету Көрнекіліктер: Көкөністер мен жемістер муляжы, дайын қызыл алманың суреті, алма бақтың суреті. Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, сенсорлық тәрбие, музыка. Сабақтың барысы: Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін бір-бірімізге жақсы тілектер айту арқылы «Жақсы көру» пирамидасын жасаймыз. Балалар: Тәрбиешіге жақындап үстел үстіндегі оның оң қолының үстіне, өздерінің оң қолдарын қойып, жақсы тілектер айтады. Күндей күлейік! Әдемі боп жүрейік! Балдай тәтті болайық! Досымыз көп болсын! т.с.с. Тәрбиеші: Жыл мезгілін, оның ерекшеліктерін сұрау. Өткен сабақты қайталау. Балалар: Жылдың күз мезгілі екенін, оның өзіндік ерекшеліктерін айтады. Тәрбиеші: Балаларға тақтадан көкөністер мен жемістердің кейбір түрлерін көрсетіп, олардың атын, түсін айтқызады. Балалар: Алма, алмұрт, өрік, қияр, сәбіз, қырыққабат. Тәрбиеші: Балалар, қай аң сәбіз бен қырыққабатты жақсы көреді. Балалар: Қоян. Тәрбиеші: Ал сендер қандай жемісті жақсы көресіңдер?. Балалар: Алманы. Ұйымдастырушы, ізденуші кезең Тәрбиеші: Балалар, сендер алманың қайда, қалай өсетінін көргілерің келе ме? Балалар: Иә, біз алманы қалай өсетінін көргіміз келеді. Тәрбиеші: Олай болса, бәріміз поезға отырып, «Алма баққа» саяхатқа барамыз. Қатар-қатар тұрайық, Поезды біз құрайық. Кімнің болса бойы ұзын Паровозы ол поездың Пыш-пыш-пыш Тәрбиеші: Міне балалар, көрдіңдер ме? Алма ағаштың бұтақтарында өседі екен. Осы ағаштағы алмалардың түсі қандай? Балалар: Қызыл, сары, жасыл, көк. Тәрбиеші: Дұрыс балалар, енді осы алмалардың ішінен бір түсті алманы таңдауымыз керек. Сендер қай алманы таңдайсыңдар? Балалар: Қызыл алманы. Тәрбиеші: Неге қызыл түсті таңдайсыңдар? Балалар: Қызыл алма әбден піскен, әрі тәтті болады. Тәрбиеші: Балалар бәріміз осы «Алма бақта» тұрып бір ойын ойнаймыз. Ойын: «Дәмін тат та, атын айт». Мазмұны: Балалар көздерін жұмып тұрады. Тәрбиеші олардың аузына жеміс немесе көкөніс түйірін салады. Балалар дәміне қарай, кандай жеміс, көкөніс екенін айтады. Ойын аяқталған соң бақшамызға қайтамыз. Жолда «Апорт деген тәтті алма» әнін айтамыз. Балалар орындарына отырып алдарындағы дайын қызыл алманың суретін ағаш бұтақтарына жапсырады. Сергіту сәті Аю жүрген орманның, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Қалтамызға алайық. Галлерияны шарлау: Жақсы, әдемі жапсырылған суреттерді балалар өздері таңдайды. Түзетуші, қорытындылаушы кезең Суретті әдемі жапсырған балалар марапатталып, ескерткішке «Алтын алманың» суреті беріледі. Іс-әрекетті қорытындылау Күтілетін нәтиже: Білуі: Жемістер мен көкөністердің атын, түсін, дәмін айыруы. Түсінуі: Жемістердің ағаштың басында, ал көкөністердің жерде өсетінін білуі. Қолдануы: Кеңістікті бағдарлап, бейнені дұрыс орналастыруы. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі