ата аналар хаттама 2023


КММ - сынып ата-аналары жиналысының

№ 1 хаттамасы

      Өткізілген күні:

     

      Қатысқандар:

Күн тәртібінде:

  • Жаңа оқу жылының басталуы және 2023-2024 оқу жылы бойынша оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер.
  • Киім үлгісі
  • Мектепте санитарлық талаптардың орындалуы

Ата-аналар жиналысы онлайн форматта ватсап желісі арқылы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі тыңдалды. Ол ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқу форматының дәстүрлі түрде болатынын, 1-қыркүйек күні ашық алаңда салтанатты жиын тек бірінші сыныптарға ғана болатынын, қалған сыныптар, соның ішінде 10 сыныпқа сол күні сыныпта білім күніне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілетінін айтып өтті. Ары қарай сабақтар дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынын, оқушылыр кітап-дәптерлерін, оқу құралдарын алып келулері керектігін айтып ескертті. Сондай-ақ 2023-2024 оқу жылында сабақ уақытының ұзақтығы 45 минутты құрайтынын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша оқушылардың киім үлгісі туралы айтылды. Ата-аналарға балаларын қажетінше оқу формасымен қамту ұсынылды, ал болмаған жағдайда классикалық үлгіде келулері керектігі ескертілді.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе мектепте санитарлық талаптардың орындалуы туралы сөз қозғалды. Оқушылар мектепке санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, бетперде режимімен келеді. Оқушылар бір ғана сыныпта оқиды, сыныптан-сыныпқа көшу болмайды. Үлкен көлемді бұқаралық іс шаралар, сонымен қатар мәдени, тәрбиелік сыныптан тыс іс шаралар, ата-аналар жиналыстары жүргізілмейді. Ата-аналар мектепке бей-берекет кіре алмайды, аса қажет болған жағдайда АШЫҚ қосымшасы арқылы кіре алады. Оқушылардың мектепке кіруі күнделікті «кіру» сүзгісі арқылы (термометрмен) жүргізіледі. Оған қосымша ата-аналарға балалардың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауын назарда ұстауды тапсырды.

Сөйлеушілер:

Қаулы етті:

  • Жаңа оқу жылының басталуы және 2023-2024 оқу жылы бойынша оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер негізге алынып, тиісті жұмыстар жүргізілсін.
  • Киім үлгісі классикалық үлгіні сақтасын.
  • Мектепте санитарлық талаптардың орындалуы қатаң сақталсын.

    Төрайымы: ____________

      Хатшы: ____________

«Көлді орта мектебі» КММ 9 - сынып ата-аналары жиналысының

№ 2 хаттамасы

      Өткізілген күні: 04.03.2021

     

      Қатысқандар:

  • Гайнуллина Салтанат
  • Ильясова Тәттігүл
  • Сарсембаева Жадыра
  • Сарсембаева Эльмира
  • Көшекбаева Ләйлә
  • Арзықұлова Рано
  • Қарабатырова Ләззат
  • Утешова Балзада
  • Алимова Жазира
  • Елеукешова Бибігүл
  • Боранбаева Күнқияш
  • Сағынбаева Назгүл
  • Жілке Айгүл
  • Байдавлетова Ләззат
  • Ибрагимова Райхан
  • Саменова Клара
  • Бусабаев Талғат
  • Сермагамбетова Аккуриш
  • Жармедеуова Асемгуль
  • Жайлыбай Самал
  • Нұржанова Лаззат
  • Қалдыбаева Баян
  • Бекмухаметова Дина
  • Бурханова Рабига

Күн тәртібінде:

  • Оқушылардың мектепке келіп-кеткендегі өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережесі туралы

Сынып жиналысы онлайн режимде WhatsApp желісі арқылы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі Бекмухаметова Дина Берікболқызы тыңдалды. Аудан көлемінде болған келеңсіз жайттарды ескере келе, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, балаларға күнделікті жолда жүру ережесін ескертіп айтып отыруды ата-аналарға жіті тапсырды. Көлік қозғалысы қалалық жердегідей жиі болмағанымен, абайламаса, жол жиегінде келе жатып та жолда жүру ережесін сақтамаса қиындыққа тап болуы, яғни қайғылы жағдай орын алуы мүмкін екенін ескерту міндетіміз екенін айтып өтті.

Қаулы етті:

  • Оқушылардың мектепке келіп-кеткендегі өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережесі сақталып, ата-аналар тарапынан қатаң қадағалауда болсын.

    Төрайымы: ____________ Алимова Жазира

      Хатшы: ____________ Жайлыбай Самал



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу