Ата-аналар жиналысының хаттамасы


2020-2021 оқу жылы

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

06.11.2020ж. Тарғап ауылындағы орта мектеп КММ

Сынып жетекші – К.Е.Ережепова

Ата-аналар – 24

Хатшы – Ниязова Қымбат.

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

  • І тоқсан қорытындысы. /. К.Е.Ережепова./
  • Сыныптағы оқушылардың үлгерімі, үздік және екпінді оқушыларды атап өту.
  • Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі К.Е.Ережепова ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысын айтып өтті. І-тоқсанды 8 қыз бала және 17 ұл бала барлығы 25 оқушымен аяқтады. Каллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылар Абдикалим Ердаулет,Амантай Аңсар,Нұрмұхамед Нұралы,Арсен Ерсін,Өмірхан Ерхан ата-аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: К.Е.Ережепова ата-аналарға оқушылардың үлгерімі туралы айтты. Үздік-2 оқушы, екпінді- 15 оқушы, қалған 9 оқушы қанағаттанарлық деп атап өтті.

 Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.

Шешім:

  • І-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
  • І-тоқсан қорытындысы бойынша Сейіткерім Бақыт ,Ақылбекова Толқын,Кажикенова Сана,Аданова Гулсая,Ещанова Меруерт, ата-аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.
  • Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.

Жиналыс төрайымы: К.Е.Ережепова

Хатшы: Ниязова Қымбат.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №3

06.01.2021ж. Тарғап ауылындағы орта мектеп КММ

Қатысқандар:

Сынып жетекші – К:Е.Ережепова

Ата-аналар – 20

Хатшы – Ниязова Қымбат

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

  • ІІ тоқсан қорытындысы. / К:Е.Ережепова\
  • Дөңгелек үстел: «Ана мен бала»тренинг
  • Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі Ережепова Кульзада ІІ тоқсан қорытындысымен ата-аналарды таныстырып өтті. Сыныпта 25 оқушы бар, олардың 7 қыз бала, 18 ұл бала. ІІ тоқсанның қорытындысын айтып өтті. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім деңгейі айтылды.Өмірхан Ерхан, Амантай Аңсар, Абдикалим Ердаулет үйден көп көмек қажет етеді.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ата –аналармен «Ана мен бала»атты тренинг үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.  Дөңгелек үстелге ата-аналар белсене қатысты.

 Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Ата-аналарға оқушылардың мектеп формасын, тазалығын, сабағын, мектепке келіп-кетуін қадағалау туралы айтылды.

Сөз сөйлегендер:

Ата-ана Анар:

  • Кульзада апайдың өткізген дөңгелек үстелі өте қызықты өтті. Дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті. Қызықты тренингтер ұйымдастырылып, сурет салып көңіліміз бір көтеріліп қалды. Осындай дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрса деген тілек білдіреміз. Сонымен қатар балам Нұрланның сабағын үйдегі уақытта қадағалап отырамын.

Ата-ана Жанар:

  • Дөңгелек үстел мағанда ұнады. Енді алдағы уақытта баламмен анасы ретінде емес, досы ретінде қарым-қатынас жасауға тырысамын. Ұлым Нұрасылдың математикадан есеп шығаруда көп қателіктер жіберетінінколлеграфиясының нашар екенін де білемін. Қадағаалаймын деп уәде беремін.

Шешім:

  • ІІ тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
  • Отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту ата-анаға жүктелсін.
  • Оқушылардың сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалығын қадағалап отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.

 Жиналыс төрайымы: К:Е.Ережепова

Хатшы: Ниязова Қымбат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ана мен бала»тренинг тақырыбындағы дөңгелек үстел Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру. «Ата-ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». (Б.Г.Белинский) Тәрбиелеудің мақсаты-баламызды бізсіз өмір сүруге үйрету. Балалар-бүгінгінің қонағы, ертеңгінің қожайыны. Барысы: І.Кіріспе: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған ««Ана мен бала»тренинг тақырыбындағы ата-аналармен өткізгелі отырған дөңгелек үстелімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз. -Бір-бірімізді тыңдаймыз -Белсенділік танытамыз -Уақытты үнемдейміз -Өз ойларымызды ортаға саламыз Ұйымдастыру Психологиялық тренингтер Топқа бөлу. Тренинг: «Үш түс-үш есік» Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады. Бұлар үш есік деп аталады. Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды. Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды. Жауабы төмендегіше: Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз. Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз. Балаға қатал талап қоясыз. Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз. Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз. Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз. Эксперимент ойын «Өз балаңызды таныңыз» Мақсаты: Ата-ананы қаншалықты өз баласын білетіндігі жөнінде ойландыру. Қатысушылардың балаларының сүйікті жыл мезгілі, сүйікті тағамы, сүйікті ісі, достарының есімі аталады.Ата-ана менің балам деп танығаны қолын көтеруі керек. «Менің жанұям» суретті тестін көрсете отырып, ата-аналарға талдау. «Жанұя» ойыны.Сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру. 1.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай? 2.Тәрбиешісінің аты-жөні кім? 3.Парталас көршісі 4.Балаңыздың сүйікті асы 5.Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз? 6.1-сыныпқа қай жылы барды? 7.Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады? 8.Ең жақын досы кім? 9.Қандай түсті жақсы көреді? 10.Қандай әнді жақсы көреді? «Байқағыштық» Мақсаты: Ананың өз баласын тануы, сезімталдығын анықтау. Сыныптың оқушылары және 3-4 ата-ана ортаға шығамыз. Балалар алақандарын жайып тұрады, ана көзі байлаулы балалардың алақандарын сипап сезіну арқылы , өз баласын тауып алады. Ата-анаға сұрақ: -Өз балаңызды қалай таныдыңыз, қандай сезім болды? -Балаларға қандай тілек айтар едіңіз? (таба алмаған жағдайда). ІІ. «Ой-толғаныс» Ұжымдық жұмыс І топ 1.Жанұяда бос уақытыңызды қалай өткізесіз? 2.Балаңызға еңбек етуді неше жастан және қалай үйретесіз? 3.Сізге көмектесемін деп балаңыз өте қымбат тұратын ыдысты сындырып алды, сіздің әрекетіңіз? 4.Балаңызға берген уәдеңізді ұмытпайсыз ба? ІІ топ 1.Балаңыз сізден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды немесе көріп отырған телекөрілімді тоқтата аласыз ба? 2.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба? 3.Балаңыздың жасына қарамай онымен ақылдасасыз ба, пікірімен санасасыз ба? 4.Өз балаңыздың досының ата-анасымен байланыс жасайсыз ба? ІІІ топ 1.Балаңыздың байқау-бақылау қабілетін дамытуда әрбір сәттерді пайдалана аласыз ба? 2.Сіздің балаңыз туралы жағымсыз ескертпелер айтылса, себебін қайдан іздейсіз? 3.Балаңыздың кемшіліктері бола тұрса да, оның жетістіктеріне қуана аласыз ба? 4.Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмей ме? Тренинг «Сиқырлы қарандаш» Әр топтағы барлық қатысушыларға ортақ бір қағаз беріледі.Қатысушылардың біреуі таза қағазға бала тәрбиесіне байланысты тақырыптағы суреттің бір бөлшегін бастап салады.Келесі қатысушы осы суретті толықтыра түседі.Осылайша барлығы қатыса отырып (шеңбермен) суретті аяқтап шығуы тиіс.Соңында суретті сипаттауы тиіс.(Әр топ). Тренинг: «Қолғаптар» Қатысушыларға бір-бірден қолғап үлестіріле отырып, сұрақ қойылады.Мыс: бұл неге ұқсайды? т.б. Нұсқау: Алдымен қолғабымыздың тырнақтарына мән бере отырып, сыңарын табыңыз.Табылған сыңарлы қолғаптарға өз балаларыңызға арнап тілек жазыңыз! ««Ана мен бала»тренинг шын жүректен (ілінген плакатқа ата-аналар өз тілектерін, ойларын, ұсыныстарын жазып, плакатқа түйрейді). Қорытындылау. 

2020-2021 оқу жылы

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1

05.09.2020ж. Тарғап ауылындағы орта мектеп КММ

Қатысқандар:

Сынып жетекші – К.Е.Ережепова

ОІО Ракышева Т.О

Ата-аналар – 14

Хатшы – Ниязова Қымбат.

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

Тыңдалды:

 1.Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі К.Е.Ережепова ата-аналарды жылдық жоспармен таныстырды. Ата-аналарыға балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.

 

 2.Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: К.Е.Ережепова ата-аналар комитетін сайлау.

  3. Төтенше жағдайдағы мектептегі даярлық тобы және бастауыш 1-4 сыныптардың кезекші сыныпта оқытуды ұйымдастыру»

Ата-аналар өтініші нысанын жаздыру.

ӨТІНІШ

«Менің ұлым (қызым) толық аты-жөні, тобы _____________________________________________________________________ кезекші топқа. Менің баламда созылмалы аурулар жоқ. Мен карантиндік және шектеу іс-шаралары кезеңінде менің баламның мектепке дейінгі ұйымға бару шарттарымен таныстым және келісетінімді хабарлаймын. Өз баламның санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерімді орындауға міндеттенемін. Ауру қаупімен байланысты жауапкершілікті түсінемін» мәтінінде өтініштер толтырту тапсырылды.

Жалпы ережелермен таныстырылды

Сыныпта 15 –ке дейін білім алушы кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру, Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру

Үшінші мәселе бойынша ОІО Ракышева Т.О ханым сөйледі

 

 4.Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.

5.Әртүрлі мәселелер

Шешім:

  • Ата-анамен жүргізілетін жұмыстың жылдық жоспары бекітілсін.

 2 Ата-аналар комитетінің құрамы:

  Төрайымы:. К.Е.Ережепова

  Мүшелері: Данабаева Анар

 Акберген Асия

 Сәрсебекова Жанар

3 Оқушылардың мектеп формасымен келуі, ішкі тәртіп ережелерін орындауы ата-аналармен сынып жетекшісіне жүктелсін

Жиналыс төрайымы: К.Е.Ережепова

Хатшы: Ниязова Қымбыт



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу