Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет - Тәрбие сағат
«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
10сынып
Өткізген: Хасанова А.Б
2022-2023 оқу жылы
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты тақырыбы: | «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» | |
Күні: | 01.09.2022 | |
Сынып жетекші: | Хасанова А.Б | |
Сынып: 10 | Қатысушылар саны: 16 | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды адал еңбекке баулу, кәсіптік білім беру. 3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды адал еңбекке баулу, кәсіптік білім беру. 3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. | |
Құндылықтарды дарыту | ||
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | Интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелермен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | -Нағыз еңбек неден басталады? -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/. Тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау. Сүйікті іс күш, жігер береді. Жарқын болашақ, Қуаныш, ләззат алу ақша пайдалы өмір сүруге үйретеді. Ауыр шынықтырады жеңіл. Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»
| Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме? Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой. Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануарларнайшам жасап қараңғыны жарық етеді? | Оқушылар ойларымен бөліседі | презентация
|
Ортасы (20 мин) | Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік. 1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбек қорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды? 3. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді? 4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не? 5. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? 6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз? 7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? 8 .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз? 9. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді? 10. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебінеде деп ойлайсыз? Пайдалы кеңестер. /сергіту сәті/ Дәптермен жұмыс Ұлағатты сөздер Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді. ( Гораций) Талап, еңбек, терең ой Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суысекілді тез суалар. (Абай) Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын (Абай) Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов) Елге сіңірген еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев) Еңбектегі әр минут- бір несібе. (Ғафұр Ғұлам) Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ. (Бауыржан Момышұлы) Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме. (Ғабдолла Садықұлы) | Сұрақтарға жауап береді | презентация |
Соңы | Қорытынды бөлім -Нағыз еңбек неден басталады? «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек. - Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда тек өзінің маңдай терімен отбасын асырап отырған ер адамдар бар. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды да шығаратын -Еңбек Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып, Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып. Бала нені білсе жастан, ұядан. Өле өлгенше соны танырқиядан. Жас кезінде білім берсең, қалай да- Өсе келе қолы жетер талайға. Тәрбиесіз бала білім ұғарма? Олай болса уысыңнан шығарма. (Жүсіп Баласағұн) | Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды | презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?