👈 қаріп өлшемі 👉

Тәрбие сағат: Мен Отанның бақытты ұлымын - Республика күні


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Ғ.Мұратбаев ауылындағы № 15

"Балдәурен" балабақшасының І санатты

әдіскер-тәрбиешісі Жұлдызбаева Гүлбану

«Мен Отанның бақытты ұлымын»

Құрметті ата - аналар, кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Құлагер» мектеп алды тобы атынан шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.

Ақжайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

Шолсаң да биік аспаннан

Қарқырар кені тастардан

Республикама қарашы!

Шырқаған сайын тірегі

Республикама қарашы!

І. Әнұран.

Тәрбие сағатын ашу үшін балабақша меңгерушісі Нұрмағанбетова Эльмира апайға беріледі.

Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Мен Отанның бақытты ұлымын!» қысқаша тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

ІІ. Хор: «Егеменді Қазақстан»

Елші:

- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!

Жүргізуші:

- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.

Елші:

- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.

Жүргізуші:

- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.

Елші:

- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?

Балалар:

- Қазақстан Республикасы.

Елші:

- Президент кім?

Балалар:

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Елші:

- Отандарыңның астанасы қай қала?

Балалар:

- Астана қаласы.

Елші:

- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?

Балалар:

- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.

Елші:

- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?

1. Шыңғыс: Әнұраным, жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі - бақи шырқалады

Республикам, Әнұраным

2. Назлы: Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

3. Манас: Жарасқан байрақтың мәні бар

Көк аспан, көк қыран сәні бар

Көк байрақ ашық көк кеңісін

Алтын күн – белгісі жеңістің.

ІІІ. Ән: «Ойнаймыз да күлеміз». Жанназар Жанна.

Жүргізуші:

- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?

Балалар:

- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

Ернұр: Отан – сенің ата - анаң,

Отан – досың, бауырың

Отан - өлкең, астанаң

Отан – аудан, ауылың.

Жанна: Отан – атам, Отан - әкем

Осы сөзім қате ме екен?

Қате болса неге біздер

Дейміз оны атамекен.

ІV. Би. Армян биі. Бишілер тобы.

Жүргізуші:

- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.

Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.

- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.

- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?

V. Нақыл сөздер.

1. Отан – оттан да ыстық.

2. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

4. Оз елің алтын бесік.

5. Халқын сүйген, салтын сүйеді.

6. Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің. Арайлым.

VI. Ән. «Қошақан». Шалқыма Амалбек, Нұржаубай Айкөркем

VII. Көрініс: «Көк байрақтай, көк жиде»

Асан ата - анасымен бірге Алматыға қайтып барады. «Ата бата берші»,- деп атасынан бата сұрайды.

Атасы: «Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілепен төгейін

Жорытқанда жолың болсын,

Қыдыр ата жолдасың болсын, аумин!»

Содан кейін Асан атасына қиыла қарайды.

Атасы:

- Бұйымтайың болса айта ғой, балам.

Асан:

- Ата, сіздердің «Алтын тойларыңыздан» теберік әкетсем деп едім. Көп сыйлықтың ішінен бір көк көйлек ұнап қалды.

Атасы:

- Қалағаның сол болса несін аяймыз. Киім көп, қазір кимеспін.

- Тура Қазақстанның көк байрағы секілді көркем жиде өзі.

Асан:

- «Ту желбіресе көңілім көтеріледі. Осы көйлекті атамды сағынғанда иіскеп күтіп киемін.

Атасы:

- Еліңе, жеріңе адал қызмет ет, балам. Өркенің өссін балам!

Асан:

- Тәуелсіздікті қорғайтын ұрпақ біздерміз ғой. Туған өлкені, сіздерді өте жақсы көремін. Атамның көкпеңбек жидесін терең құрметпен қарайтын боламын.

VIII. Би. «Сұлу қыз». Пірімжар Зейнеп, Кенжебай Шыңғыс

ІХ. Көркем сөз. «Астана». Дауылбекова Назлы

Жүргізуші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Зейнеп: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

Ұлжан: Мен оның күнін сүйем,

Түнін сүйем.

Мен оның құдіретті

Тілін сүйем.

Қаракөз: Қазақстан халқының

Қазақ тілі тірегі

Ана тілінде айтылар

Әнұраны, жүрегі.

Х. Ән. «Қуыршақ». Кәти Жанерке.

ХІ. Би. «Орыс биі». Бишілер тобы.

ХІІ. Хор. «Отаным – Қазақстан!»

Елші:

- Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бүгінгі бақытты балаларға өзімнің кішкене ғана сыйлығымды тапсыруға рұхсат етіңіздер. Қазақстанның болашағы гүлдей жайнай берсін!

Жүргізуші:

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Жаса – жаса мәңгіге туған елім.

Осыменен «Құлагер» мектеп алды тобының қысқаша тәрбие сағатын аяқтаймыз. Көңіл қойып келгендеріңізге, ынта қойып тыңдағандарыңызға көпте - көп рахмет!


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы