Әйелге туған күнге тілек. Әйеліме тілек туған күнге

Әйеліме тілек туған күнге әйелге

Сүйікті әйелім туған күніңмен!


Өміріме әр беріп көрік берген,
Асыл жарым, жан-жарым бір өзің сен.
Жеке меншік мерекең есік ашты,
Құтты болсын туған күн бүгін келген.

Бірге келген көктемнің күніменен,
Туған күнің шаттығын сыйлай берсін.
Жаратқаным жар болып бір өзіңе,
Бар жақсысын лайым жинай берсін!

Тамыр жайып, құлпырып өркендей бер,
Құдай қосқан қосағым, сүйген жарым.
Отбасының ұйытқысы бір өзің сен,
Өзіңменен шаттықта атар таңым.



 Туған күніңмен әйелім!

Туған күнің құтты болсын жан-жарым,
Жеке меншік мерекең есік ашқан.
Тілейтінім өзіңе сүйген жарым,
Көтеріңкі көңіл-күй, ашық аспан.

Жаздың жайма күнімен бірге келген,
Жаңа жасың шаттығына бөлей берсін.
Раббым Алла жар болып бір өзіңе,
Әрқашанда жан-жарым демей берсін.

Бар жақсыны тілеймін, амандықты,
Мықты болсын саулығың, болшы аман.
Күнімсің сен айымсың, жұлдызымсың,
Күндіз-түні жанымда жарқыраған.



Құдай қосқан қосағым, туған күніңмен!

Жанарында нұр ойнап, баурап алар,
Мейрімді мінезімен алда болар.
Жеке меншік мерекең құтты болсын,
Асыл жарым лүпілдеп жүрек соғар.

Күз айымен күлімдеп бірге келген,
Жүрегімнің төрінен орын берген.
Туған күнің жан-жарым қуантсын тек,
Көңіліңе шаттықты күйін берген.

Жаңа жасың бақытты күн сыйласын,
Қуанышың жан-жарым ортаймасын.
Жаратқаным өзіңе жар боп әркез,
Бұл өмірдің сындары байқалмасын.



Әйеліме туған күнге тілек

Жүрегімнің иесі, асыл жарым,
Мәңгілікке жайқалған жасыл бағым.
Құтты болсын мерекең жеке меншік,
Нұр сыйласын шаттықта атып таңың.

Ақ пейілді ақ қыстың айында сен,
Аштың жаным өмірдің бұл есігін.
Ата-анаңды қуантып асыл жарым,
Азан айтып қойылды бұл есімің.

Ақ жүректі ақ қардай мінезің бар,
Жақсылықты тілейтін барша адамға.
Мейірімді жан-жарым жүрегің бар,
Қуанышпен үн қатар қанша адамға.

Жаңа жасың бақытқа жетелесін,
Көңіліңде жайдары шаттық орнап.
Жаратқаным жар болсын бір өзіңе,
Жақсы күйді жақсыға тағы жалғап...



Бұл өлең сүйген жарыма...

Көңіліме шаттықты күй сыйлайтын,
Асыл жарым, сүйгенім сен аман бол.
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Тілейтінім өзіңе мен ашық жол.

Шаңырақтың шаттығы өзің жаным,
Анасысың баламның асыл жарым.
Көңіл-күйің жайнасын, ортаймасын,
Жандүниемде жайқалған жасыл бағым.

Сен қуансаң қуанам, шаттанамын,
Бір өзіңнен жан-жарым бақ табамын.
Абыройың асқақтап өсе берсін,
Асыл жарым лайым жайнап жаның. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу