Тақпақтар


Менің әжем

Қамқор болған қашан да,
Менің әжем ақ әжем.
Тірегім болған қашан да,
Алтын әжем, ақ әжем.
Тақпақтар
Толық

Әжеме

Ақжаулығың қолда,
Алаң болып жолда.
Күте–күте шаршадың ғой әже,
Қою қара шәйің.
Кәмпит пенен майың,
Жиналмаған дастарқаның әже.

Тақпақтар
Толық

Ақ әжем

Қарт әжемнен айналдым,
Өлең оқып үйреткен.
Ұстазыма ұқсаған,
Мен әжемді ұнатам.
Мектепке бармай тұрғанда,
Жаттау жатта деп айтқан.
Шаршап кеткен кезімде,
Ертегісін оқыған.

Тақпақтар
Толық

Ақ әжем

Ұрыспайды ешқашан,
Еркелетер «Ботам» деп.
Сыйлы адам бәріне
Менің әжем, ақ әжем!
Тақпақтар
Толық

Әжеме

Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.
Тақпақтар
Толық