Байдың нәскиі » ZHARAR © 2016 | бай туралы әңгімелер, байлық туралы әңгіме, қиналған, кезіңде, баласын, хатты, «Балам, бірге, имамға, алғаны, дінімізде, жауап,




  • »

Байдың нәскиі

Байдың нәскиі казакша Байдың нәскиі на казахском языке

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:
«Балам байқағаныңдай мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықты да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...»


Санат: KZ портал » Қазақша Әңгімелер жинағы | | 3 421
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .