» » » Әңгіме: Ұлттық киімді қорлағандар

Әңгіме: Ұлттық киімді қорлағандар

Әңгіме: Ұлттық киімді қорлағандар казакша Әңгіме: Ұлттық киімді қорлағандар на казахском языке
Тақырыптың да өзі қорқынышты. Құдай сақтасын дейсің ішіңнен…
Алдымен бәрін басынан бастайық. Қазақ халқы ежелгі Түркілерден тараған халық. Көші-қон мәдениеті қыста қыстауда, жазда жайлауға көшіп қонып жүру Ата-бабаларымыздың қанында бар. Қазақ елінің өзіндік бір мәдениеті, өзгеше салт-дәстүрі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы,​ ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері бар.
Осы дүниелер Қазақ екеніңді айрықша айқындап тұратын негіздер. Бұларды бағзыда Қазақ елі ұстанған және оған жоғары құрметпен қараған. Бұл дүниелермен қатар Атаның балаға деген Ананың қызға деген тәлім-тәрбиесінің өзінде үлкен мән-мағына болашақта асыл қазына боларлықтай, көркем мінез-құлық. Бұл болмысты үйретіп, тәрбиелеу қазақтың алдыңғы орынды алатын мақсаттарының бірі болған.
Оның негізі Ұлы ақын тек халқымыз емес бірнеше елдердіде де қайран қалдырған Қазақтың Абай атасы. Шет мемлекетте ескерткіші орнатылған, бұл атамызды білмейтін Қазақ кемде-кем…
Саяхатшы Шоқан, Ұлы тұлға ел есімі мәңгі есінде сақталған Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, М.Әуезов айта берсең өте көп асыл қазыналы ақындарымызбен, жазушыларымыз, билеріміз, батырларымыз.
Осынау ер азаматтарды дүниеге әкелген аналарымызға, мың тағзым… Соғыс кезінде жұбайын әскерден күтумен өткізген түндерін, аштық заманында өзім жемесем де балаларым жесін деген оймен,ниетпен барына қанағат, жоққа сабыр еткен, нар тұлғалы азаматтарды дүниеге әкелген ақ жаулықты аналарымызға қанша алғыс айтсақта аз…
Бұл дүниелерден кейін
Қазақ халқын құрметтемеу мүмкін емес…
Өзіміздің төл туындымыз ою өрнекпен нақышталған ұлттық киімдеріміз Шапан, Кимешек, күпі, шекпен, мәсі, кәжеки, көйлек, сәукеле т.б бұл Қазақ халқының​ басты болмыстарының бірі…
Сәукеле қазақтың аяулы қыздары өмірінде бірінші рет орын алатын, ғұмырын да маңызға ие сәтте Қазақша көйлекпен, оюлы кәжекимен киілетін қадірлі дүние…
Ата-бабаларымыз бен Ана-әпкелеріміздің кейінгі ұрпаққа үлгі насихат, өміріне азық, болатындай мына фәни жалғанға қажетті негіздерді, бір күні болмаса, бір күні ұрпағының бірі қорлайтынын білді ме екен?
Қынжылтады…
Ұлттық киімді асыл сәукелемізді тыр жалаңаш киіп, өз ісіне ұялмай сенімді кейіппен сұқ саусағын көрсеткенін ,әлеуметтік желіге салып, барша әлемге көруге жағдай жасағаны және тамашалатқаны…
Айтарға сөзім жоқ…
Бассыздық! Ұятсыздық! Тәрбиесіздік!

Автор: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика мамандығының ІІІ курс студенті
Бегісова Айдана

Автор: ZHARAR | 8 265 |


Загрузка...

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Ұлттық киімді қорлағандар туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ұлттық киімді қорлағандар на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, Ұлттық киімді қорлағандар, әңгіме Ұлттық киімді қорлағандар туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ұлттық киімді қорлағандар на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные рассказ, Әңгіме: Ұлттық киімді қорлағандар ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер