Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы

Әңгіме:  Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы казакша Әңгіме:  Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы на казахском языке

(Сықақ)

-Аздап ішеді айыбы,

-Әйтпесе...

-Деп күрісінетін зайыбы.

Соңғы күндері Ағзамды

Танымай қалды.

Сап тыйып жүз грамды,

Құран кәрімді қолына алды.

Төр алдында жүгініп,

Белі бүгіліп,

Еріндері жыбырлап.

Кейде көзі жұмылып отырғаны.

Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі.

Түн баласында жайнамазға жайғасып,

Таң атқанда көз іледі.

-Дәл мендей мінажат етпес сопы - дағы

Шамалы ма, дерсің оқығаны.

Оқыса да,

Не керең, не соқыр - дағы.

Әйтпесе ақыр заман болады дегенде,

Неге шошынады,

Әлгі молда біткен осындағы?

-Деп тамағын кенеген

Ағзам отырғандарға қарады.

- Тақсыр, сонда жинаған мал - мүлік

Кімге қалады?

- Деп сойдақ шал тіл қатқан.

Ағзам айтарын айта салмай, бірден

Бір мүләйім күйге кірген.

Сонан соң орағытып әріден:

- Қорықпаған бір Алланың кәрінен.

Қозғалақтап ырғалып.

- Құр қалмақшы бәрінен,

Ең бастысы, Иманнан

Пайда жоқ дүние жиғаннан.

Жұмаққа кірмекші өз жанын өзі

Қиған жан.

Өртеңдер мал-мүлікті

Ақыр заман...

-Дей бергені сол еді.

-Кім қашан өледі,

Ақыр заман қашан, қалай келеді,

Оны бір Алла біледі,-

Деп ақырғанда әлдекім

Әйелінің құм болып жігері.

Еңіреп жылап жіберді.

Онсыз да әрең шыдап жүр еді.

-Ақырзаман болад деп,

Мал - қораға ілдіріп қара құлыпты,

Істеп жүрген жұмысын тастап,

Жан-жақтағы балаларын шақыртып,

Жұмыстарын тастатыпты бақырып.

Бір жосын қылық бастап:

-Өлсек, бірге өлеміз.

Ақырзаманды бірге көреміз,

-Дегенді желеу етіп.

Тұрмысы күннен - күнге кері кетіп,

Құруға шақ қалған.

Есік қаққалы тұр деген ақырзаманы

Есік түгілі тесіктен сығаламай...

-Әуелден – ақ жарым ес ең

Ақылың шамалы,

-Деп әйелі, бала - шағасының

Сол сәтте жалтырады табаны,

Жоққа сеніп барынан айырылған-ды.

Кей жандарға не шара?!

Жаңбыр жаумай су болған

Аз емес - ау бейшара.

Тұманданар ақыл - есі, жігері,

Азаматтың ада болса айбыны.

Сүлеймен Баязитов



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Сүлеймен Баязитов Ағзамның ақыр заманы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Сүлеймен Баязитов Ағзамның ақыр заманы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Сүлеймен Баязитов Ағзамның ақыр заманы туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Сүлеймен Баязитов Ағзамның ақыр заманы на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга, Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер