Қазақша шығарма: Жетім баланың ойы » ZHARAR © 2017 | жетім туралы шығарма , жетімдер туралы шығарма, жетімдік туралы шығарма, сочинение на казахский языке сироты, Менің, жалғыз, туған, өстім, қоңырау, анасы, Мейірім, екенін, кезде, соңғы, Алайда, қоштасу, жетім, екенімді, ешбір, Анамның, Соңғы, қатты, ыстық




  • »

Қазақша шығарма: Жетім баланың ойы

Қазақша шығарма: Жетім баланың ойы казакша Қазақша шығарма: Жетім баланың ойы на казахском языке

Ана деген бір керемет жан ғой. Сірә, ана сияқты еш адам саған қамқор бола алмас,- деп Мейірім өз әңгімесін бастады. Менің достарым өте көп. Олардың барлығының да анасы бар. Бірақ, жалғыз мен ғана ана мейірімі не екенін білмей өстім. Мен туған кезде, анам қайтыс болған еді. Солай мен әкем қолында тәрбиеленіп өстім. Әкем өте қатал , бірақ сабырлы жан еді. Алайда бала кезімнен бері, әкеммен сырласып көрген емеспін.

Менің есімім – Мейірім,- деп бар денесімен күрсінді. Мен осы жылғы мектеп түлегімін. Иә, мен болашақ студентпін. Оны мен мақтанышпен айтамын!

Бүгін соңғы қоңырау. Мектеппен қоштасу күні. Менің сыныбымдағы қыздардың барлығы да ақ бантик тағып, әдемі фартук киіп, сәнденіп келіпті. Сыныбымдағы ұлдар да таза костюмдерін киіп, ақ көйлектерімен жарқырайды.

«Мектебім» атты әсем ән шырқалды. Кейбір қыздардың көзінде тамшы жастары бар. Сірә, мектеппен қоштасқысы келмейтін шығар.

Соңғы қоңырау соғылды. Оқушылардың тағатсыз күткен соңғы қоңырауы. Менің көз алдыма бір сәтте осы қоңырау шылдырымен бірге мектептегі балалық кезім зуылдап өтті. Мектептегі қызықты күндер, мұғалімдер, сыныптастар,,,енді оларды әрдайым есіме алып сағынатын боламын.

Соңғы қоңырауға барлығының да ата-анасы келген екен. Қоңырау соғылып, шара бітісімен ата-аналардың барлығы да өз балаларына жүгірді. Балаларын құттықтап, беттерінен сүйіп жатыр. Барлық оқушылар да ата-аналарының құшағында. Тек жалғыз мен секілді, аузымды ашқан күйімде, жалғыз тұрып қалыппын. Көзімнен ыстық тамшы жас парлап аға берді. Ойыма жаман ойлар оралып, қиналы кеттім.

«Анашым, қайдасың, неге мені жалғыз тастап кеттің!» деген сөздер аузымнан еріксіз шыға берді. 18 жыл бойы анама деген ыстық сағынышымды, қиналған сәттерімді ешбір жанға білдірмеуші едім. Мен дәл қазір ғана, анамның жоқ екенін, жетім екенімді аңғардым. Шын жүрегіммен жетім екенімді сезіндім.

Соңғы қоңырауға, өмірдегі ең соңғы мектеппен қоштасу күніне, тіпті әкем де келмеген еді. Әрине, мен оны кіналамаймын, шаруалары болып, есінен шығап кеткен болар. Мен әкешімді жақсы көремін ғой.

Анашым, мен сізді қатты сағындым. Егер, қазір менің анам қасымда болса, мен өмірдегі ең бақытты адам болар едім. «Ана» деген сөзді айтуға да қорқамын. «Ана» деп айтсам, көзімнен ыстық жас парлап аға береді.

Жақында туған күнім болды. Алайда, менің туған күнім екенімді ешбір адам білмеген секілді. Достарыма да айтуға ұялдым.Бірақ, туған күнімде ең болмағанда анамның құшағына кіріп, анам бетімнен сүйсе деп армандаймын.

Маған анасыз өте қиын. «Балам, жолдан дұрыстап өт» деген аналардың айтатын сөзін ешкімнен естіп көрмеген едім. Ұйықтап жатқан кезде де, қатты тоңатын кездерім болады. Сол кезде барлық балалардың анасы үстінен жылы көрпе жамылатын болса, мен сол тоңған күйімде жата беруші едім.

Анамның мені еркелеткенін қатты аңсаймын. Анамды құшақтағым келеді. Анамның маңдайынан сүйгім келеді. Анашым, мен сізді қаты сағындым!

Мен, «жетім» деген сөздің не екенін енді ғана аңғарған секілдімін. Анамның қайтып оралмасын енді түсіндім. Ойлаған арманым, қиялымның бәрі де бекер екен...енді анашымның орнын ешбір жан баса алмайтынын анық аңғардым. Мен шынайы жетім екенмін...оны басқа жан түсінуі әсте қиын....




Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 6 291
Рейтинг:
(голосов: 6)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .