Мен саған есірткі жайында айтып беремін - Камал Аружан


Есірткі-адамның есінен айыруға дейін жететін күші бар химиялық құрам.Яғни,есірткіні пайдаланған адам аурусезгіштігінен айырылады және есін жоғалтады.
Ежелгі мысырлықтар апиын деген атпен белгілі есірткі түрін б.э.д. 1600 жылы балалар мен ересектерді тыныштандырушы өнім ретінде пайдаланған.Ал ежелгі гректер қайғы-қасіретті ұмыттыру мақсатында және өте нашар халдегі науқастарға ұйқтататын дәрі ретінде қолданған.1803 жылы неміс химигі Ф.Сертюнер апиыннен алғашқы алколоиды бөліп алып,гректің әйгілі ұйқы құдайы Морфей атына-Морфин деп атап кетсе,1898 жылы Дессер морфиннен химиялық жолмен героинды бөліп алды.Бастапқыда бұл героин морфинизмді емдеу үшін қолданылды.Апиынды есірткі ретінде тұтыну Шығыс және Батыс елдерінде VIII ғасырдан кейін кеңінен етек алша бастаған,әсіресе ХХ ғасырдың 60-жылдарында ерекше қарқынмен жан-жаққа тарай бастады.
Есірткілер құрамында мастандыратын,ашуландыратын,тыныштандыратын,сергітетін заттар болғандықтан әлем бойынша күнделікті қолданыста стимуляторларда қабылдануда.Осылай келе ел арасында есірткіге деген құмарлық күшейді.Егер,адам есірткіге бір тәуелділік берсе одан бас тарту өте қиын.Тіптен адам оны қалай байқап көргенінде аңғармай қалады. Есірткі пайдаланушы бойына бір рет енген соң оның санасын улап,есірткі мөлшерін артыра пайдалануға үгіттейді.Әрине мұның аяғы оң нәтижемен аяқталмасы анық.Есірткіні өте көп мөлшерде пайдаланушының өкпесі ең нашар халге дейін жетеді.Ақыр аяғы есірткіні қолданушының өліміне әкеп соғады.
Мамандардың зерттеуі бойынша есірткіні қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі оған түбегейлі тәуелді болуға жеткілікті.Бұл есірткіні қоғамның санасымен қоймай ішкі ағзасында бірнеше ғасырлар бойы улап,өзіне тәуелді етіп келе жатқан дерт деп есептесек болады. Бұл дертке шалдығып,кейін арыла алмай жатқан науқастар легі әлі күнге дейін тоқтаған емес және үнемі артып отыруда.
Есірткіні пайдалнушылар жасы 17-26 жас аралығында неғұрлым жоғары деңгейде тұр.Бұл індет жасөспірімдердің жетіліп келе жатқан ой-деңгейлерін өшіріп,денсаулықтарын ең төмен дәрежеге жеткізіп отыр.1991 жылдан бастап есірткіге байланысты қылмыстардың абсолюттік санының 4,3 есе өсуі орын алды.Бұл қылмыстардың үлесі болса 5,3 есе өсті және 1999 жылы 15,28% құрады.Бұл процессте жастар мен әйелдердің рөлі басым екенін айта кеткен жөн.Егер де бұл індет дүниежүзінде таралуын тоқтатпаса,алдағы уақытта әлемді не күтіп тұрғанын елестету қиын.
Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру өте жоғары әлемдік деңгейге көтерілген.Есірткіге қарсы орталықтар жылдан-жылға артып келе жатқан әуесқойлардың санын көре отыра өз жұмыстарын жасауды тоқтатпаған.Мысалы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті есірткімен күрес жолында бірнеше жетістіктерге жетті.Атап өтсек,Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрші мемлекеттегі әріптестермен бірлесе өткізілген «Тайфун» атты бір ғана опаерация кезеңінде 800 кг героин және 100 кг опиум тәркілеген.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тағы бір оң бастамасы-құқық қорғаушылар есірткімен айналысушылардың түп-тұқиянымен қоса тексеріп,қылмыстық жолмен туыс-тума және өзінің атына жазылған барлық мүліктерін тәркілейтін болды.Бұлда есірткіні тоқтату жолындағы күрес.
Есірті дертіне шалдығып жатқан қоғамның қазіргі жағдайын ескере келе сізді де бұл індеттен аулақ болуға,отбасыларыңызға,айналаңыздағы жандарға әрдайым ескерте отырып,өз үлесіңізді қосуға шақырамын.Есірткісіз қоғамға толықтай қол жеткізу жолындағы күресте жанашырлармен бірге болыңыз.Біздің мақсатымыз: «Cалауатты өмір салтын ұстану», «Есірткісіз қоғамда өмір сүру», «Болашағымызды жарқын ету жолында тер төгу».

# УПНДПКЗО



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу