Есірткесіз – өмір тамаша


                                Қызылорда   ОПДЕҚҚІҚБ   тарапынан   жарияланған  байқауға                                      

 

Есірткесіз – өмір тамаша туралы мақала

Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, улайды. Есірткіге уланғандағы   уақытша алдамшы  «рахат» сезімді қайғыдан құтылу жолы деп түсініп, соны қайталағысы кеп тұрады. Осыдан барып есірткіге тәуелділік пайда болады да, адам өзінің есірткінің құрбаны болғанын байқамай да қалады. Есірткінің түріне адам ағзасының ерекшелігіне қарай улану да түрліше болады. Жөтел пайда болып, мұздай тер шығып, жүрек қағысы жиілеп, өлімнен қорқу қаупі пайда болады. Есірткі қолдануды жалғастырған жағдайда бұл құбылыстар жойылып, эйфория пайда болады. Бұл аурудың бірінші кезеңінің басталғанын білдіреді.Адамда есірткіге психологиялық тәуелділік пайда болады. Эйфория күйіне келу үшін бұрынғы мөлшер аздық етеді, бірақ бұл кезеңде де ағза есірткісіз күн кеше алады, есірткі қабылдамау адамда жаман әсер қалдыра қоймайды.Бұл- ағзаның есірткіге жартылай үйреніскенін білдіреді. Есірткі ауруының екінші кезеңінде адамда оған физикалық тәуелділік пайда болады. Мұның белгісі,есірткі зат алмасу процесіне қатысып, оның бір бөлшегіне айналады. Есірткі қабылдамаған жағдайда адам ағзасында физиологиялық және физикалық ауытқушылықтар байқалады: қолы дірілдеп, басы, бұлшық еттері, буындары ауыра бастайды, тек есірткі дозасын қажет ететін беймаза күй кешеді. Егер бұл жағдайдан адам тек есірткі қабылдаған жағдайда ғана шыға алатын болса, физикалық тәуелділікке ұшырағанының белгісі. Бірте-бірте адам ағзасы есірткіні көп мөлшерде қабылдауға үйреніп кетеді. Адам ағзасының бұлай бейімделуі оның өміріне қауіп төндіреді. Есірткі құрығынан құтылу мүмкін болмай қалады. Сондықтан да нашақорлық –ең қауіпті әлеуметтік құбылыс болып табылады.. Есірткеден  құтылғысы келетіндер үшін біздің қоғамымызда жасырын сауықтыру орталықтары бар.     Нашақорлық–еңбекке жарамсыздықтың, апаттар мен жарақаттардың бірден бір себепшісі, адамның рухани күйреуі, ерік-күшінің жоғалуы. 

                                                 Қызылорда қаласы №261 орта мектептің 

                                     8-сынып  оқушысы  Даулет Ерасыл

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий