Шығарма: Мен өмірді қалаймын!

Шығарма: Мен өмірді қалаймын! казакша Шығарма: Мен өмірді қалаймын! на казахском языке

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа

Қызылорда қаласы №268 орта мектептің 9ә сынып оқушысы Абат Сағыныш
Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе, ол - нашақорлық. Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүние жүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке түскен соң, кез-келген қылмысқа дайын тұрады. Әсіресе, жастарымыз есірткінің дәмін татамын деп, соңынан оның азабын тартып жатады. Осының салдарынан санасы уланып, болашағына балта шабылатындары қаншама. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Өмір деген тіршілік қоршаған орта, адамның өзі өмірдің қызығы ол осы дүниені сан қырлы жақтарын көру, білу, сезіну. Өмір өз қиындықтарымен ерекше. Өмірге деген көзқарас әр адамда әрқилы. Бір күні таң нұр шапағатымен болса, келесі күні бұлтымен адамның өмірге деген ойын түзейді. Әрине, ойға бірден өмір несімен қызық деген сұрақ туындайды. Өмір екі әлемнен құралған: жамандық пен жақсылық, қуаныш пен қайғы. Адам өмірге бір рет қана дүниеге келеді, сондықтан әрбір адам өз өмірін бос өткізгісі келмейді. Біз өмірге не үшін келеміз? Менің түйінім бойыншa: сәби болып дүниге шыр етіп келеміз. Бала-бақша, одан 11 жыл мектепте оқимыз, мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсеміз. Білім аламыз, іздейміз. Қарнымыз аш қалмас үшін, жұрттан қалмай жұмыс істейміз. Біреу сүрініп жатады, біреуі өмірдің қиындығына қарамастан шыдап, алдыға қарай, ұмтылады, осының бәріне сабырмен шүкіршілік етіп, жаратушымыздың алдына бас иіп құлшылық ету емес пе өмірдің мәні. Өмірдің мәні неде? Шатасқан сұрақ, терең ойласаңыз ол анық нәрсе, ақылы бар кез-келген жанға шыдамдылық, құлшылық. Кез-келген адам қателеседі, одан ой түйеді. Ең бастысы қателескен жайды, ешқашан қайталамау, басқаларға түсіндіру. Қандай жағдай болса да ойланып істе. Қоғамда болып жатқан әдеттерге кінәлі - өзіміз. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамызды бұл түнектен арылудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Бұл іске қарсы күрес құралы – оны таратуға қарсы күрес бүкіл адамзаттың жұмылуы. Дені сау, жан жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Сондықтан өкінбейтіндей өмір сүрейік.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Мен өмірді қалаймын! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мен өмірді қалаймын! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Мен өмірді қалаймын! жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мен өмірді қалаймын!, , Шығарма: Мен өмірді қалаймын! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы