Есірткісіз өмір сүрейік

 Есірткісіз өмір сүрейік

Берік Алтынай Айбекқызы Қызылорда қаласында дүниеге келген. №267 орта мектептің 8-сынып оқушысы.

Адам болу дегеніміз – саналы болу. Сондықтан өмір бойы өлім мен қуаныш,қайғы-қасірет толғандырады. Өзімізді терең түсіну үшін алдымызға мақсат қою керек. Өсіп-өніп келе жатқан алтын ұямыздың қадір-қасиетін бағаласақ екен. Өмірде қиындыққа қарсы тұрып, жеңе білу, жеңіл жол іздемеу үлкен жетістік деп есептеймін.

Есірткі – қас жауымыз. Оның құрамында адам денсаулығына зиянын тигізетін улы заттар көп. Адам ағзасын бүлдіреді. Тіпті соңғы кезде зиянды заттардың түрлері көбейді. Сол затқа әуес,тәуелді адамдардың да саны жетіп артылады. Жастарымыздың болашағы не болмақ ? Естіп, оқып, теледидардан көргенде жағаңды ұстайсың. Өз өмірлеріне балта шауып жатқанын түсіне ме екен? Өмірдің қысқа екенін ойланып көрді ме екен? Қазақстанның көркеюі біздің қолымызда емес пе? Есірткі пайдаланып,басы жұмыс істемей қалып,ата-анасын, бауырларын, достарын аямай, қол жұмсап, ұрлық жасап жатқаны қаншама?!

Есірткі, арақ, темекі қай ата-бабамыздан қалған ас еді? Түзу жолдан шығып, адам өлтіріп, зорлықпен айналысып, түрмеде қаншасы жатыр? Сенің аузыңа бар тәттісін тосып, түн ұйқысын төрт бөліп, бесік тербеткен ата-анаңды, туған-туысыңды неге ойламайсың? Сенен үміт күтіп отыр ғой. Интернеттен неше түрлі сұмдықтарды көріп,ойы бұзылып, еліктейді. Одан да бір уақ қолына кітап алып оқып, сана-сезімді оятып, жақсы әсер алмайсың ба? Соның өзі жетістік деп білемін. Есірткі адамның жанын шүберектей тоздырып, өмірге деген көзқарасын түбегейлі құртады. Осы есірткіге тәуелділік,күнделікті қарым-қатынас жасайтын ортасына байланысты екені анық. Ал адам өмірге келеді, кетеді. Өмір-ай шіркін, қымбат екеніңді білсе ғой.

XXI ғасыр жас ұрпақтың ой жарыстыратын заманы. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, егемендікке қол жеткізді. Соның арқасында біздің қоғам бейбіт өмір кешуде. Ендігі жерде болашақ жастардың қолында. Ал жастарымыздың болашағы бұлыңғыр болса, ұлтқа төнген қауіппен бірдей.

Зиянды заттардан аулақ болайық! Салауатты өмір салтын ұстанайық! Мен есірткіге қарсымын! Өмір сүргім келеді! Мен өмірді таңдаймын!

Нашақор

Есірткімен әуестеніп,
Уланып жатыр достарымыз.
Жастықпенен құмартып,
Қайда кетіп барады жастарымыз?
Талайларды түзу жолдан тайдырып,
Ағайын жүр бұлар үшін қайғырып.
Нашақор жүр күні-түні қаңғырып,
Маңдайын тасқа ұрып қан қылып.

Қылмыс жасап,таңды ұрып,
Қолға кісен салдырып.
Ата-анасын жермен-жексен,
Ойланбастан бір-ақ сәтте,
Жер астына қалдырып.
Ессіз есірткіге құмары
Жын қаққандай болады.
Сөйтіп жүріп бір күні,
Дірілдейді қалжырап,
Ажалы кеп қаңғалақтап,
О дүниеге барады.
Адам болсаң еңбекшіл,
Халқың сені мақтайды.
Ит те иесін күзетіп,
Ішкен асын ақтайды.
Жинап алып, жаңа достар,
Ұсынасың есірткіңді.
Ештеңені сездірмеуге,
Қылмысыңды білдірмеуге,
Тырысасың күлдіруге,
Хақың жоқ қой, мына сенің,
Бұл әлемді білдіруге!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!