Туған жер- алтын бесігім!
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
(Фариза Оңғарсынова)
Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Барлық адам табиғаты керемет, ауасы таза ауылдан шығады. Ал сол ауылда сенің ыстық алақаны бар анамыз, алатаудай әкеміз, туған-туысқандарымыз, жора - жолдастарымыз, білімін аямаған ұстаздарымыз барлығы, барлығы да сонда. Бұл жерде менің уайымсыз, шаттыққа толы балалық шағым өтіп жатыр. Осы қазақ халқының барлық танымал шешен, ақын адамдарының барлығы ауылдан шығады. Шыны керек, қазір адамдардың барлығы қалада. Ал, қаланың ауасы таза деп айту қиын. Қаладан ауылға келген адамдар ауылдың таза ауасымен демалып жақсы болып қалады. Мен де ауасы таза, табиғаты адамды таң қалдырар ауылда тұрамын. Оның күн батуы мен шығу көрінісі де тамаша! Әр адамның өз кіндік қаны тамған туған жері, тал бесігі ыстық болады. Менің ойымша, туған жер әр адамның үйі. Мысал келтіретін болсақ, кішкентай бала дала мен үйдің арасында жүреді. Көбінесе далада жүреді, далада ойнайды. Ал қалада кішкентай балалар үйінің төрт бұрышында қамалып отырады. Сондықтан да оның ата-анасы таза ауа жұтқызып, баланы демалдыра білу керек яғни, бала ауа еркіндігін сезіне білу керек. Олай істемесе ол бала ұялы телефонды ұстай бастайды. Міне, ата-ананың үлкен қателігі. Менің ойымша, бұл қателік осылай басталады. Адамдар туған жерінің табиғатын көрсе бойынан қан жүріп, жүрегінің дүрсілі қаттылап, патриоттық сезімі оянады.
Бұрындағы адамдар үнемі ет жеп, мықты болған, яғни денелі, елін қорғауға епті болса, таза ауасы ұзақ өмір сүруге кепіл болған. Ал қазір адамдар етті үнемі жемейді. Сондықтан денесі бар адамдар өте аз. Жейтіндерінің пайдасы бар деп айтсам қате болады. Ал қаланың ауасы керісінше, пайдадан гөрі зиянын алып келеді. Тіпті, көптеген аурулар туғызып, адамның өмір сүру уақытын анағұрлым азайтады. Айта кетсек, ауылдағы адамдар өздеріне қолайлы мал-мүліктері бар. Бұрын адамдардың өте көп мал-мүліктері болған. Қазақ халқы жылқы малын алысын жақындатар көлігі ретінде қолданған. Қазір адамдар көлігі ретінде темір тұлпарды пайдаланады. Міне, бұл да бір табиғатты, ауаны ластайтын фактор. Бізде осылай туған жерімізді ластап отырмыз. Біздің туған жеріміздің сұлулығы табиғат. Сонымен қатар бізде табиғатымызға жеген тамақтарымыздың қалдығын тастаймыз. Осыдан кейін туған жерімізге жасаған қателігімізді түсінуге болады. Туған жерімізге жасаған әрбір жақсылығымыз артық емес. Соны түсінген адамдарға да жақсылық жасау артықшылық емес. Меніңше , әр күн сайын күліп жүру табиғатымызға жетпеген сүлулық. Бұрындары да батырлар өз туған жерлерін бар жанын салып жаудан қорғаған. Демек, оны да бізге мұра етіп қалдырған. Ал біз сол аманатқа қиянат жасауымыз дұрыс болмас.
Менің отаным киелі, табиғаты тамаша Қазақстан! Менің туған жерім кішкентай болғанымен, менің жүрегімнен үлкен орын алады. Осы жерде менің өте қызықты сәттерім өтіп жатыр. Сонымен қатар, менің туған жерім Шақпақата ауылы жүрегімде мәңгілік сақталады. «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» дегендей, мен туған жерімнен жыраққа кетсем аз уақыттан кейін қайтадан туған жеріме оралғым келеді. Басқа жердің тамағы, суы маған тез қабылданбайды. Ал өзімнің жерімдегі тамақ маған ыстық, тіпті, сылдырап аққан су маған ерекше ыстық. Бірақ бұл жерде мен ғана туып өскен жоқпын. Менің де жерлестерім, көршілерім де бөтен адамдар емес.
«Отан отбасынан босталады», «Отан оттан да ыстық» - демекші, отбасым да бір бақыт. Сонымен бірге мен отбасыммен отанымның бір бөлшегімін. Оның бүгіні мен болашағымын. Болашақта да туған жердің бір бөлшегі болып қаламын. Өмірімнің соңына дейін туған жердің ауасын ұмытпаймын. Әрбір адамның көкірегінде отанына деген бір от жалындап тұруы тиіс.
Бірақ адамдар туған жерімді қорғаймын деп өздері ағаштарды шауып жатады. Бұл қорғаушылықты дұрыс деп есептемеймін. Бірақ шынында да біздің қолданып жүрген заттарымыздың көпшілігі ағаштардан жасалады. Ағаштарды мүлдем шабуға болмайды деп те айта алмаймын. Қазір шамадан тыс шабылып жатыр. Ағаштар болмаса табиғатқа бірдеңе жетіспейді, ал табиғат көңіл толарлық болмаса туған жеріміз қалай гүлдемек. Табиғаттың да көңіл күйінің көңілді, мұңды екенін білуге болады. Табиғатпен адамның көңіл-күйі ұқсас. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» дейді, яғни біз табиғатқа қалай қарасақ, ол да бізге өз нәтижесін береді. Туған жерді сыйлау оған берілген махаббат. Туған жер бәрін өзінің қойнына сыйдыра білген тылсым дүниелерге толы байтақ жер. Ақын жазушылар туған жерлеріне арнап түрлі-түрлі өлең шығармалар, күйлерді өз жүректерінен шығарған. Тіпті, адамнаң мінез құлықтарын табиғатпен беттестіріп суреттей білген.
Қазіргі қазақтар шетелдерде жүр. Жоқ, бірақ басқа мемлекеттерді де көрген жаман емес. Бізде Қазақстанда да демалатын, қыдыратын жерлер де жоқ емес. Менің ойымша, ең бірінші өзіңнің туған жеріңнің тарихын бес саусағындай білу маңызды деп ойлаймын. Қазіргі кезде сабақ оқығысы келмейтін, туған жерінің тарихын білгісі келмейтін , нақтырақ айтсақ, білмейтін адамдар да бар. Егер ол адамдар өз туған жерін сүйсе, құрметтесе, өз туған жерінің тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын да білер деп санаймын.
Сонымен қатар мені қуантатын бір нәрсе Қазақстанның мақтаныштары әншілер, спортшылар тағы да басқа талантты жандар басқа елдерге біздің Қазақстанның туын басқаларынан жоғары ұстап жүр. Олар тынбай дайындалып, ұрыста жеңіп, қазақ жерін әлемге танытады. Бұл да әрбір қазақ үшін көкірегін керіп мақтана алатындай жағдай. Мысал айта кетсем, Димаш Құдайбердіұлы. Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген жандардың бірі. Ол қытайды мойындатты. Содан кейін қытайлықтар өздері Димаштың туған жерінде туылғанымызда ғой деп армандайды. Қазақтар негізі көбінесе еліктегіш болады, оны жасырудың керегі жоқ. Сол еліктеген елдеріне бару арман. Бірақ өзіміздің туған жеріміздің топырағы бәрінен де ыстық.
«Жер жәннаты –Жуалы» - деген тамаша сөз бар. Бағана айта кеткендей менің туып өсіп, кіндік қаным тамған жер - Жуалы. Биік-биік таулары бірден көзге көрінеді. Бетіңнен ұрған самал желі қандай десеңізші, шіркін!? Таза ауасын сезсең шаршағаныңның бәрін ұмытып кетесің. Әрдайым жасыл болып тұратын, биік-биік ағаштары сән беріп тұрғандай. Сылдырап қоймайтын бұлақтары да бар. Міне, тағы басқа керемет заттар бар. Осы туған жерім маған өте қымбат.
Осы Жуалы жерінен Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Құрманбек Сағындықов аталарымыз шыққан. Әрбір адам өзінің туған жерінің тарихын білмесе, туған жеріне деген махаббаты жоқ деп білемін. Сондықтан да мен Жуалы жерінің тарихынан сыр шертейін. Жуалы жерінен Ұлы Жібек жолы өткен. Ірі сауда орындары бар қалалардың бірі болған. Асанғайғы атамыз Жерұйықты іздеп, Жуалы жеріне келіп, табиғатына тамсанады. Шынында, мен Жуалыны Жерұйық деп есептей аламын. Айта берсек, Жуалы өлкесінің кереметтері көп. Осы туралы Шерхан Мұртаза атамыз былай дейді:
« Туған жерді, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.»
Туған жердің қасиеті сонша атақты ақын-жазушылардың өмірбаянында қай жерде туғандығы бірінші болып жазылады. Сонымен қатар бізде сол ақынның қайда туғандығын білеміз. Ақындардың да тарихын білу әрбір қазаққа маңызды деп ойлаймын.
Бірақ туған жерін сүйіп қана қоймай, оны да қорғай білу маңызды. Нақтырақ айтсақ, әсем табиғатымыздың өртке оранбауын қадағалау, сонымен қатар табиғатты түрлі зауыттар ауасын ластайды. Өзіміз қолданған түрлі тағамдардың қалдықтарын аяусыз тастаймайық. Табиғатқа демалысқа адамдар шыққанда да кішкене ғана от жағып, оны үлкен алауға айналдырып алады. Міне, осындай қателіктер жасай отырып, туған жерімізді құртып аламыз ба деп ойлаймын. Сондықтан әр адамда еліне деген патриоттық сезім болуы керек деп ойлаймын. Туған жерге, еліне деген сүйіспеншілік болуы керек. Әрине, сол жерде туып өскеннен кейін әр адам өз перзенттік-парызын орындауы керек деп санаймын.
Туған жерге тағы бір кері әсері жан-жануарларды аямай қыру. Бұл проблема қазір бірінші орында тұр. Адамдар жануарларды атып, өзіне пайда алып келсе, табиғатына, туған жеріне үлкен зияндылық алып келеді. Жан-жануарлар да бір табиғаттың жаратқан тіршілік иелері. Оларда туған жерге, табиғатқа да өзінің бір тигізетін пайдасы бар иелер. Оларға да қамқорлық көрсетпеу табиғатты ұнатпаумен тең.
Бұл суретте менің туған жерім, ауылым бейнеленген.
Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Шақпақата ауылы.
Менің ойымша, әр адам өз туған жерін, елін әрқашан жоғары ұстап жүру үшін білім керек. Еңбекқор, ақылды, білімді, өнерлі болған адам ғана туған жерін биіктен көре алады және сол туған жерін дамытуға өз үлесін қосады деп санаймын.
Адам бірінші өз туған жерін сүйгенен кейін отбасын аузынан тастамайды. Тіпті, туған жерің, тауыңнан хош иісті гүлдерді арнайы анаңа теріп апарсаң, анаң оны қуана алады. Сосын оны әдемілеп ыдысқа салып қойса, гүлмен көңіл-күйі көтеріңкі анаң үйдің сәнін келтіріп тұрады. Үйге қонақ келсе, қандай керемет сезімде болады. Міне, осылар Жуалының тамаша сәттері. Осыған байланысты «Туған жерім- Жуалым» деген өлең жолдарын айта кетуге болады.
Туған жерім-Жуалым
Туып өстім тамаша Жуалымда!
Жуып өскем бетімді бұлағында.
Тамылжыған табиғат кең далама,
Мың төгілер жүректен жыр ағыла!
Жуалыда балалық күнім өткен,
Маңдайымнан мақпалды түнім өпкен.
Сан арманға беріліп ұйықтап кетіп,
Оянамын ақ таңға бір үмітпен.
Ғажапсың ғой, тіршілік өмір неткен!
Көркем өлкем жанымды көңілді еткен!
Бұл аймақта Баукеңдей батырлармен,
Шерхандай аталарым туып өскен.
Талай ақын өзіңді жырлап кеткен,
Қойнауың бар құпия сырға бүккен.
Қасиетін өлкемнің өрнек етіп,
Мен өлеңмен мəңгілік жырлап өтем!
Қорыта келгенде, әр адам өз отанын, туған жерін, сүю парыз. Құрманбек Сағындықов атамыз журналист, аудармашы, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты болған. Қазіргі таңда №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектепте ауылда тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары оқиды, мен де сол мектепте 9-сыныпта оқып, білім алудамын. Өз мектебім туралы мақтана аламын. Мен де өскенде өзім қалаған мамандық иесі болып, өз туған жеріме келіп, ауылымды көркейтуге өз үлесімді қосамын деп санаймын. Бар өмірімді Отанға, туған жеріме деген сүйіспеншілікпен өткізуге тырысамын. Білімділіктің, еңбекқорлықтық арқасында қаншама адамдар щет елдерге барып туған елімізді танытып келеді. Міне, осыны туған елге деген махаббат деп айтуға болады. Қазір балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін дамытуға неше түрлі жарыстар, бағдарламалар өткізілуде. Осы бағдарламалар арқылы болашақ жастар туған елдің адам жүрегінен қандай орын алу керектігін түсінеді.
Туған жердің, табиғаттың көңіл-күйі де адамға маңызы бар. Ақындар табиғаттың жаңбырын жылауға теңесе, ашық аспанды көтеріңкі көңіл-күйге балап жатады. Мен осы жазғандарымның бәрін шындыққа санаймын. Қазіргі адамдардың Жер - анаға жамандық жасаса, кейбірі жақсылық жасайды. Мүмкін, бұл да табиғаттың қиналғандығы шығар. Бірақ ештеңеге қарамай Отанымыз әрқашанда алда тұрады. Себебі, туған жеріңді, өз ауылыңды естен шығармайтын заттарының бірі -ол ауылдағы жусанның иісі!
Мен үшін аса қымбат жер Жуалы ауданы Шақпақата жері. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтуде.
Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарға, өз туыстарыма, достарыма ашық аспан, көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.
Жұлдыз Сапар
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?