» » » Шығарма: Менің болашақ мамандығым

Шығарма: Менің болашақ мамандығым

Шығарма: Менің болашақ мамандығым казакша Шығарма: Менің болашақ мамандығым на казахском языке
Адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі – болашақ мамандықты таңдау. Бастапқыда, біз бұл таңдаудың зор мәнділігін түсінбейміз, бірақ та, ол тек алдағы оқуымызбен шектелмейді. Өміріміздің бір бөлігі жұмыспен өтеді, сондықтан, таңдаған жұмысымызды біз жақсы көруге тиіспіз. Менің ойымша, егер адам күлімсіреп оянып, алдағы жұмыс күнін асыға күтсе, ол қандай ғажайып, керемет сезімге бөленеді! Әр күн бақытқа толы бола ма, адам жетістікке жете ала ма, мансап сатысымен көтеріле ме, дарындылығымен өзгелерден ерекшелене ме, өз саласының кәсіпқойы бола ала ма, әрі үлгі бола алады ма, осының бәрі дұрыс таңдалған мамандыққа байланысты болады.

Менің жастық шағымнан, бастауыш сыныптарда оқыған кезімнен қалған, аңсап жүрген арманым, ол – мұғалім болу. Мұғалім мамандығына қызығушылықты мен бірінші сыныпта таныттым. Ұстазымның жасаған іс-қимылдарын, айтқан сөздерін қайталап, ол секілді болуға тырыстым. Қыздармен «мектепті» ойнап, өзімді мұғалімнің рөлінде елестеткен кездерім еске түсті. Ал жоғарғы сыныптарда, жаңа мұғалімдермен танысу арқылы бір пәннің өзіме қалай ұнап қалғаны да, есімде жоқ. Бұл пән - математика. Өз математика мұғалімінің қалай сабақ жүргізетінін, қалай бізге жаңа тақырыптарды түсіндіретінін, өз пәнін қалай сүйетінін көріп, осы кісіден үлгі алып, «математика мұғалімі» деген мамандықты таңдадым.

Мұғалім – жер бетіндегі ең маңызды мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Себебі, «мектеп – біздің екінші үйіміз» деп текке айтылмаған. Ата-аналар сияқты, мұғалімдер де бізді тәрбиелеп, керек болған кезде көмектесіп, қиын жағдайға тап болғанда, біз үшін алаңдайды. Ал кеңес алу үшін кімге барамыз? Әрине, біреулері ата-анасымен сөйлеседі. Бірақ, ренжіген оқушылардың ең алдымен мұғалімге жүгіріп баратынын бірнеше рет көрген сәттерім бар. Сол кезде мұғалім жұбатып, кеңес беретін. Ғабиден Қожахметтің «Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын» өлеңінде:

Білімнің төгілтеді нәр бұлағын,
Жауапсыз қала қоймас әр сұрағың.
Біледі қоғамы әр кез мұндай жанды -
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім... -

деп айтылғандай, мұғалім – мейірімділік пен шыдамдылықтың үлгісі, оқушыларды алға бағыттаушы.

Мен де сондай болғым келеді. Балаларға көмектесіп, білім беріп, олар үшін жаңа, тамаша әлемді ашқым келеді. Бұл – менің тағдырым, бұл үшін күні-түні еңбек етуге дайын екенімді сеземін. Ал мұғалім болу оңай ма? Әрине, оңай емес. Өйткені, біріншіден, мен мектептің оқу бағдарламасын жетік білуім керек. Егер мен білмесем, біреуге бір нәрсені қалай үйрете аламын? Екіншіден, бұл мамандық оңай болып көрінгеніне қарамастан, ол ондай емес. Әрбір сабақтың алдында дайындық жасап, жоспар құрып, оқушыларға түсінікті болуы үшін қызықты нәрселерді ойластыруым қажет. Бірақ, мен математика мұғалімі мамандығын таңдаған кезде, оның жақсы мен жаман жақтарын қарастырып, осы мамандықтың, пәннің мен үшін қаншалықты қымбат екенін түсіндім, ал бұл – өз болашақ мамандығын таңдаған кездегі ең бастысы деп ойлаймын.

Кейбір мамандықтар сұранысқа ие бола бермейді, кейбіреулері тіпті жойылып жатыр, бірақ, менің ойымша, мұғалім мамандығы әрдайым қажет болады. Өйткені, мұғалім еліміздің жарқын болашағы болатын саналы, сауатты ұрпақты, азаматтарды тәрбиелейді.

Қазіргі заман – көптеген қызықты және де алуан-түрлі мамандықтарға толы заман. Жылдан жылға жоғары оқу орындарының: институттардың, университеттердің, академиялардың саны артып, білімнің түрлі салаларында жоғары білікті мамандарды даярлайды. Әрине, әркім өзінің ұмтылысына, әуесқойлығына, қабілеттеріне сәйкес мамандықты таңдауы керек. Менің пікірімше, осыған байланысты таңдалған мамандықты «дұрыс таңдалған мамандық» деп атауға болады. Ең бастысы, кім болғыңыз келетінін анықтау және өз мақсатына табандылықпен жетуге тырысу! Егер бірінші реттен шықпаса да, өзіңізден асып, өз дегеніне жетуге ынталану. Өмірдің қай саласында жетістікке жетуді қаласаңыз да, өз жолындағы қиыншылықтарды жеңе отырып, бүкіл қоғамның игілігі үшін адал еңбек ету. Егер бірдеңе шықпаса, безек қақпау. Айналма жол іздеу. Осының барлығын мен американдық физик-ғалым Альберт Эйнштейннің өмірбаянын, ғылыми қызметі туралы деректерін оқып, өзім үшін түйін ретінде шығардым. Ол қаншама қиындықтарды: кедейлік, ауру, сәтсіздік, түсінбеушілік кездестірсе де, жалықпай, бәрін жеңіп, атақты ғалымдардың біріне айналды. Шынымды айтсам, бұл мені жаңа шыңдарды бағындыруға шабыттандырады.

Қазақстанның болашағы болатын жас ұрпақтың санасында отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеуге ұмтылысым бар. Сондықтан, менің болашақ мамандығым – мұғалім, мен осы мамандықты таңдағаныма қуаныштымын!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 19 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Менің болашақ мамандығым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Менин болашак мамандыгым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің болашақ мамандығым, шығарма Менің болашақ мамандығым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Менин болашак мамандыгым на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Менің болашақ мамандығым, Шығарма: Менің болашақ мамандығым шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы