Ғажайып өлке

 Ғажайып өлке

Қадіржан Алдахов

Елбасымыздың Болашаққа бағдар атты мақаласынан ой түйе келе өзімізді рухани жағынан жаңғыртуымыз керек екен. Себебі Қазақстан саяси және экономикалық жағынан дамып келе жатқанымен рухани жағынан дамуы қолға алынбай келе жатқан маңызды істердің бірі болып табылады. Басқа елдердің көз алдымызда дамып келе жатқаны бәріне беймәлім. Біздің еліміз де жоғары деңгейде көрінуге тиісті. Бұл мақсат бойынша:Н.Ә. Назарбаев бізге мақала ұсынып, дамушы елдің тарихын насихаттайтын жобаны жастардың санасына елдің басты негізі ретінде жеткізу. Біз қазақ халқы, ұлттық-рухани тамырдан нәр ала алмасақ, ол - өмірден өз орнын таппаушыллыққа, адасуға апарады. Жастар мен бүкіл Қазақстандықтар бұл мақаланы оқып және оны түсініп қана қоймай, бұл айтылған игі істерді жүзеге асыра білуі қажет. Ол үшін қазіргі білім мәселесіне көп көңіл бөлуге міндеттіміз. Яғни, өсіп келе жатқан жас өскіндерімізді қазақ тілінде ғана емес өзге тілдерді: ағылшын, орыс, латын тілдерін меңгеріп, осы тілдермен еркін сөйлесіп үйренсе, өте білімділік елден орын алса, барлық жастарымыз көкірегі ояу,көзі ашық болып өсер еді. Бұл мәселеден кейінгі талқыланатын - техниканың дамуы. Жапония, Америка, Қытай сияқты елдердей экономикалық, экологиялық жағынан, әсіресе техника жағынан дамып, алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып келе жатырмыз. Қазіргі таңда басын жерге қаратып, үндемей отырған адамдар жоқтың қасы. Барлығы дерлік бәсекелестікке түсіп, бір-бірінен қалмауды алға мақсат қойған. Бәсекелік қабілет елдің дамуына ықпалын тигізеді. Қазір, 21 ғасыр, заман талабына сай компьютерді жетік меңгеруіміз қажет. Техникамен қатар, ой-санамыз өсіп отырса, «Қазақ елі» қараңғылықтан жарып өте жарыққа шығар еді. Біз шет елдің тарихын біліп, оған тамсана қарап, өзімізге жақсы қабылдаймыз. Сол секілді біздің елді тану үшін: басқа елдің есінде қалатындай етіп, қазақша әріптерден қаланған есімді: қала аттары, ескерткіш аттары қойылуы қажет деп ойлаймын.

Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жол деп сүйген, Отан үшін отқа түсер ұрпақтарына , жас буындарға, азаматтарға арнады. Мәңгілік Елдің тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен дінінде. Халыққа ой салып, алға жұмылдыратын бағыт - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Тіл - біздің байлығымыз. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. «Үш тұғырлы тіл» саясатын мен де қолдаймын. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - дегендей, ағылшын, орыс тілін меңгеріп, қазақ тілінде таза сөйлеген жөн. Алдағы уақытта елімізде латын алфавитін енгізу туралы да ой іске асқалы отыр. Ол туралы, тіпті елбасымыз сөз қозғап, осыған байланысты латын тіліне көшу өте тиімді әрі қазақта жоқ әріптер: Ч,Щ,Ц; т.б. орнына осы латын тілі қолданылып әлемнің есінде қалса, нұр үстіне нұр болмасқа! Қазақтың келешегіне жаңа өзгеріс алып келсе, Қазақстан елі рухани жаңғырады және жаңарады, дами түседі.Қазақстанның болашағына байланысты, оқу жөнінде 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып,әлемдегі ең жақсы таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау алдыңғы уақытта қолға алынатыны сөзсіз!!!

Барша халық өз елі үшін жанын да беруге даяр болатындай болса, өз еліне деген махаббаты шексіз болса,елі осыған сүйіспеншілікпен қарар еді. «Отан-отбасынан басталады» дегендей бәрі отбасыдағы тәрбиеден,мектептегі білімнен туындайды. Тіпті осы бізге беріліп отырған сайыстың өзі патриотизмге тәрбиелейді. Бұл Отансүйгіштікке тәрбиеленіп өсетін баланың болашағы айдан-анық көрініп тұр.Туған жер десе, туған ел десе, әрбір іске дайын тұрады емес пе?! Сондықтан елі үшін еңбек етіп, ана тілімізде сайрап тұрсақ, рухани байлығымызды жоғалтпай, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрсек мұндай елдің болашағынан үлкен жетістіктер көруге болады. Осындай рухани жаңғыруға көшу елімізді жаңа асулардан асыратынына сенімдімін!!!

Біз қазақ халқы шешен халықпыз, оның дәлелі жүрегімнен шыққан мынындай өлең жолдары:

Жаңғыру керек ұлттық сана жағынан,
Айырылмайық өшпес тарих бағынан.
Сонау кезден бізге жеткен жырларды,
Өсиет пен өлеңдерді шығармайық жадыдан.


Абайдың есте қалар даналығы,
Жырлап өткен Жамбылдай жыр алыбы.
Дина мен Құрманғазы күйлерінің,
Санасына сіңірсін ұрпақ үнін.
Дегендей рухани мәдениетіміз де қатар жүруі тиіс.
Біз тәуелсіз елміз. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Елді ойран еткен қанды оқиға ел есінде қалғаны белгілі. Бұл жолда қаншама қазақ жастары құрбан болды. «Ер есімі-ел есінде», қайсарлықпен, батыл жүректілікпенен ерлік көрсеткен жастарға есімдері ел есінде қалардай құрметтеп ескерткіштер тұрғызылып, көше аттары берілді. Сонымен, 1991 жылы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып жарияланды. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде елімізде қаншама өзгерістер болды. Біздің еліміз өз алдына жеке мемлекет болып, Н.Ә.Назарбаев – елбасымыз болып сайланып, бейбіт елге айналдық. 1992 жылы 2 наурыздан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды. Тәуелсіздігімізді қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер әскері құрылды. Ресми түрде еліміздің туы, елтаңбасы, әнұранымыз бекітілді. Еліміздегі жаңа өзгерістердің бірі – Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының 1- ші құрылтайы өтті. Конституциялық жаңа заң қабылданып, төл теңгеміз айналымға түсті. Ерекше орын алар жаңалық: ол – 1994 жылы 6 шілдеде астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешімнің қабылдануы еді. «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.

Астана – бас қала, жас қала,
Шың басында көркейіп тұр Астана.
Тарихы биік, еңсесі биік Елордама,
Бүкіл әлем тамсанады, таңғала! – дегендей, Астана қала болып, бой көтергеннен бері қалада бірнеше ғимараттар, зәулім үйлер салынды.

Астананың төрінде,
Жайқалып тұр елімде.
Евразияның кіндігі,
Елорданың символы – Астанада «Бәйтерек» салынды. Биік, әсем ғимараттарға толы еңселі елордамыз шет елдерге танылып отыр. Биыл Елордамыз Астанада бүкіл дүнмежүзілік «Астана Экспо – 2017» көрмесі ашылып, оған шет елдерден қонақтар келді. Бұл көрменің де Қазақстан үшін алар орны ерекше. «Нұр-әлем» деп аталатын бұл ғимарат барлық елді өзіне қаратты. Елбасының салиқалы саясаты мен алға қойған мақсат, міндеттерінің орындалуы өзіне және халқына деген сеніммен жүзеге асып отыр.

Менің туған жерім – Құлсары қаласы. Туған жер дегенде, жүрегім елжіреп тұратыны рас. Қала атағын алғаннан кейін үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Көгалдандыру мәселесі жеке қолға алынып, жол жиектеріне ағаш көшеттері отырғызылды. Орталықта жаңадан субұрқақ орнатылды, тас жолдар жөнделіп, қаламыз жылдан жылға көркейіп келеді. Ойын алаңдары, мектептер мен балабақшалар ашылып, аурухана мен үлкен мешіт салынды. Қаламыз зәулім үйлер, жаңа ғимараттарға толығып келеді. Мектептерде жаңа озық техникалармен жабдықталып, мектеппен бірге балабақшада да үш тілде оқыту қолға алынған.

Құлсарым менің көркейген,
Табиғаты қандай тамаша!
Сәнді үйлер бой көтерген,
Ғимараттармен таласа.


Өзге жердің барлығы.
Туған жерге жетпейді,
Бауыр басып құстар да,
Туған жерден кетпейді.


Құлсарым менің - гүл қалам,
Өсіп келеді бүр жара.
Көгіңде тұрсын күн күліп,
Нұрлана берші, нұрлана!

Болашақта мен де елімнің, туған жерімнің гүлденуіне, жарқын болашағына өз үлесімді қоссам деймін. Туған жерін, елін сүйетін азаматтар көп болса, жерін көркейтуге жұмылып еңбек ететін, әсіресе жастарымыз талаптанса, еліміздің болашағы жарқын болар еді!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі