» » » Шығарма: Қазақтың Абайы

Шығарма: Қазақтың Абайы

Шығарма: Қазақтың Абайы казакша Шығарма: Қазақтың Абайы на казахском языке
«...Жүрегімнің бойына терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.»

Бұл сөз ақын Абайдың сөзі, өзінің жүрек ақтарысы. Жанының айнасы. Абай болашаққа осылай хат жолдады. Бұл өткен ғасырлардан бүгінгі өмір сүріп жатқан біздерге арналған жолдауы. Сол кездегі қиыншылық торлаған заманда адамдарға өз жанының сәулесін төгіп, күн шығатын жақты көрсеткісі келді.

18 тіл білген әдебиетші, профессор Құдайберген Жұбанұлы «Абай қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында былай деп жазды: «Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, ақымыз кететін түрі жоқ.»

Оның үстіне Абайдың ірі болғаны, оның өлеңі болсын, қара сөзі болсын, бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындарынан да озып шығып, соны жол салғанын ескерсек Абайдай бейнелі сол кезде қазақ ақындарынан ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру қиын емес.»

Тарихшы Тұрсын Жұртбай «Бесігіңді түзе» кітабында былай деп жазады: «19 ғасырдың шығысы мен 20 ғасырдың кірер тұсындағы өліара дәуірде алты миллион жан салығын төлеген қазақ жұртының арасында Абаймен теңгерілетін беделді тұлға болған жоқ.»

Тарихшы неге бұлай дейді. Оның себебі анық. Ол ұлты үшін жаны ауырды:

Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы,

Салқын, қуыс-өмірі, я қараңғы.

Білім де жоқ, білімге сенімде жоқ,

Өңірсіз қартаяр деп бір балаңды.

Бала мінез, ойыншы бұрынғылар.

Аңқау екен, мазақтап соны сынар.

Артқа қарап, ақпейіл шалға күліп

Абұйырсыз, атақсыз көрге құлар.

Абай осындай жағдайда ұлт болашағын ойлады. Қазақтың бәрі білім алса, кедей атымен болмаса, басқа елдермен тең болса, өнерге жақын болса деп армандады. Замандастарының арасында ақынды түсінгендері де, түсінбегендері де болды. Түсінбегендері үстінен арыз жазды. Түсінгендер оның жанына жиналып шәкірті болды.

Қандай жағдайда да Абай өз арманынан бас тартқан жоқ. Абай адамдарға:

«Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жасағыз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер, мал шашпақ,

Бес дұшпаның, білсеңіз»

Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алды. Абай қазақтың дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін, бұл әдеттердің дертке айналып кетпеуі үшін барынша қарсы шықты. Сондай жағдайда халқының жоғын жоқтап «Қара сөздерін» дүниеге әкелді.

Абайдың осы бір ұлтым деген жанкештілігін Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Әуезов сынды озық ойлы азаматтар жүрегімен түсіне білді. Сол кезде осындай азаматтар Абайды ұстаз тұтты. Оның халқым деп соққан жүрегінің жалыны мен жарығын бүкіл қазаққа таратуға тырысты. Солай болды да. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов бүкіл өмірін Абайдың рухани жолдауын келесі ұрпақтарға жеткізуге арнады. «Абай жолы» роман-эпопея жазды.

Ұлы Абайдың арман-өсиеті осылайша ұрпақтан ұрпаққа жетіп, Қазақ іргелі ел болып, өз егемендігін алуға қол жеткізді.

Қазіргі таңда егемен еліміздің алдында көптеген алынар асқарлар тұр. Бұндай шыңдарды тек рухы күштілер ғана ауыздықтай алады. Демек, бүгінгі таңда да Абай біздің жанымызда.

Ал Абаймен еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 8 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Мұхтар Әуезовтың қайталанбас, асыл мұрасы
Шығарма: Мұхтар Әуезовтың қайталанбас, асыл мұрасы
Эссе: Абай- қазақ әдебиетінің кірпіші
Эссе: Абай- қазақ әдебиетінің кірпіші
Эссе: Абай - біздің ұлттық ұранымыз
Эссе: Абай - біздің ұлттық ұранымыз
Эссе: Халқын сүйген Абай
Эссе: Халқын сүйген Абай
Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына  арналған әдеби кеш (колледж, университет)
Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған әдеби кеш (колледж, университет)
Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші
Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші
Сценарий: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
Сценарий: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» №2 (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» №2 (6 сынып, II тоқсан )
Өлең: Жамбыл Жабаев (Абайдың суреті)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Абайдың суреті)
Әңгіме:  Сүлеймен Баязитов | Абай мен Мәшһүр  Жүсіптің партияға көзқарасы
Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Абай мен Мәшһүр Жүсіптің партияға көзқарасы
Тақпақ: Қазақта бар бір дана Абай деген
Тақпақ: Қазақта бар бір дана Абай деген
Тақпақ: Дана Абай атам
Тақпақ: Дана Абай атам
Әңгіме:  Шерхан Мұртаза | Ақындар мен әкімдер
Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Ақындар мен әкімдер
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Өшпес мұра
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Өшпес мұра
Қазақша өлең: Заманға наз
Қазақша өлең: Заманға наз
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Қазақтың Абайы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Казактын Абайы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Қазақтың Абайы, шығарма Қазақтың Абайы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Казактын Абайы на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Қазақтың Абайы, Шығарма: Қазақтың Абайы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы