Адал ұл ер боп туса-ел тірегі

 Адал ұл ер боп туса-ел тірегі

Сағынбаев Ерқанат
Екібастұз жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің, оның кемелұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп, қалдырған басқа қаламгер жоқ! Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі. Ел дегенде адал қызмет еткен. Отан үшін отқа түс,- күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды»,- дейді... - Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін. Нұрсұлтан Назарбаев Отан үшін отқа түскен аталарымызға деген алғысымды ақ қағазға түсіруді жөн көрдім. Мен соғыс туралы алғаш ақпарат құралдарынан, кинофильмдерден көргенде жанымның түршігіп, көзіме жас алғаным әлі де есімде. Кейін ата-әжемнен, ата-анамнан, ұстаздарымнан сұрағанымда, олар: «Құдай бетін аулақ қылсын, сендер соғыс деген зұлым сөзді естімеңдер, алапат соғысты көрмеңдер!» деп соғыс туралы айтып бергендері жадымда сақтаулы. Жеңіс деген- жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Өздеріңіз білетіндей, биыл Ұлы Жеңістің 71 жыл мерейтойы! Осыдан тура 75 жыл бұрын таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасын ұрланып өткен жау оғымен ғаламат, сұрапыл соғыс басталған еді. Бұл соғыс тек тәтті ұйқыны ұрлаған жоқ, ананы баласынан, жарынан айырса, ақын, инженер, ұстаз болам деген бозбалалар мен бойжеткендердің арманын ұрлады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша жаумен шайқасты. Олар батырлықтың, батылдықтың,қайсарлықтың үлгісін біздерге үлгі етіп көрсетті. Әлі күнге дейін қанды соғысты ешкім де ұмытқан жоқ. Соғыс өрті, мұңы халықтың есінде.
Ұлы Отан соғысы – жас ақын-жазушылардың творчествосына бүтіндей өзгеріс жасап, жаңа бағыт берді. Жігерлі, талапты, алғыр жастар ел басына ауыр күн туған кезеңде құрыштай шыңдалып, ширай түсті.Олар келешекке зор сеніммен қарап, Отанды қанды балақ жаудан қорғауға үндеген отты сөздері, рухты өлеңдері мен шығармалары кең – байтақ Совет Одағының түкпір- түкпіріне тарап жатты. Еліміздің отаншыл жастарының қаламынан терең мағыналы, мәнді туындылары дүниеге келіп жатты. Қаламы мен қаруын қатар ұстаған ақын-жазушыларымыз Б.Момышұлы, Б.Бұлқышев, Ә.Нұршайықов, І.Есенберлин, Қ.Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин, жерлесіміз Қ.Бекхожин және тағы басқа майдангер батырларымыздың ерлігі мен өнегесі баршамызға аян.
Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен.
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен», -дегенжолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзінің адами, азаматтық болмысын бір ауыз өлең жолымен танытқан. «Бауыржан Момышұлы тек атақ -даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы, өзіндік пікір толғанысы бар, алғыр да тапқыр, білімді азамат» деп бағалаған қазақ халқының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов. “Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті” деген екен даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Сол сұрапыл жылдары Кереку өңірінен талай боздақ соғысқа аттанса, кейбіреулері ұрыс даласында ерлікпен көз жұмған. Ал, хабар-ошарсыз кеткендері қаншама?! Есімі Ертіс өңіріне кеңінен таныс Кеңес Одағының Батыры атанған керекулік майдангер ұстаз Серікбай Мүткенов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Баймолдин Әбілқайыр көпке үлгі, мақтан. Қазақта: «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі» деген қанатты сөздің құдіреттігін айтсаңызшы! Соғыс жылдарында жау өртіне шарпылып, елі үшін жанын құрбан еткен аталарымызға қандай сый-құрмет көрсетсек те, артық емес екені хақ.
Қазақстанның әр түпкірінде батырларымыздың ерлік өмірлерін насихаттау, жас ұрпақ санасына сіңіру бағытында көптеген іс-шаралар аталынып өтті. Атап айтсақ, жапон соғысына қатысқан Беков Сембі майдангер атаның жұбайымен кездесу - сұхбат өтті, технология пәнінің мұғалімі Р.Солтанова апайдың бастауымен қолөнер жұмыстарының сайысы, достарымның жазған шығармалары, танымдық-патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары, суреттер көрмесі жүйелі ұйымдастырылып, тағылымды кештер өткізу - жоспарда бар. Жапон соғысы ардагерінің жұбайы – Зоя апайдың біздерге берген ақыл-кеңесі еріксіз есіме түседі: «Әр адамның рухани байлығы-Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі... Бұл байлыққа ие болған жастар ғана Отанның қадір-қасиетін түсіне алады. Ал, егер мұндай сезім жүректерінде болмаса, Бауыржанша, «опасыз» болғаны»дегені.
Ержүрек, батыл, намысқой ерлеріміздің өмірінен үлгі алған біздерертеңгі күні пайым-парасаты биік тұлға азамат болып ер жететініміз анық. Біздер үшін , елі үшін, келешек ұрпақ үшін өнегелі ерлік істердің батырларына сәбилік жүрегімнің ұядай орынында қалатынын жақсы білемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі