Ермек елдік бастауы

 Ермек елдік бастауы

Абдраимова Сабира
9 сынып,Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп
Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
Жетекшісі: Атаниязова А.Қ.

Ермекке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ел ісі,
Соғыстың соңғы көктемі,
Солдаттың асқақ жеңісі.
Ғабиден Қожахмет
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылытатын, қасіретке толы сөз. Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына төрт жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистердің мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистердің жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақты ат салысты. Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигельдинов, М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.
Еуропа елдерінде қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар фашистерге және оларды қолдайтыдарға қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Грекия жерінде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Гев, француз қарсыласу қозғалысы сапында Дәулет Қаражұмынның батырлығы мен аты шықты. Қазақстандық 23 жауынгер италияндық қарсыласу қозғалысы құрамында Қарағандыдан Тәкіш Әлпейісов, Қызылордадан Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Көшіков, Целиноград облысынан Ниолай Дрожаков және Топай Сәдуақасов жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты. Ал Б. Момышұлы аға-лейтенант шенінде баталионды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан 3 рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полклвник шенінде аяқтады. Әуеде от жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсембайевқа Ресей Федерациясының батыры атағын берді. Ал Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған жеңіс туын тіккендердің қатарында Р. Қошқарбаев, капитан Б. В. Чупрета, минометші А.Бақтыгеров, пулеметші А.Е. Вицко, байланысшы К. М. Волочаевтар болды. Қазақстандықтар Ленинградты қорғауға Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарға Днепрден өту мен Украина, Беллоруссия, Молдова мен Балтық елдерін еуропа халықтарын фашистік езгіден азат ету шайқастарына қатысты. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым мен өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқые із қалдырды. Олардың негізгі тақырыбы – патриотизм, Отанды қорғауға арналады. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қалам алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап, 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандос жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармаларымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. «Өмір сүргім келеді» деп шырылдаған 28 жастағы жауынгер өзінің ерен еңбегімен батырлығының арқасында дүние жүзіне танылып, үлкен құрметке ие болды. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үш жерлестерінің жолын тебірентіп отты жылдар өз ролін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды. «Біз кеңес адамдарымыз, біздің жүрегеміз темір емес. Бірақ біздің отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік !» деп еліне, жеріне деген шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген. Сол майдандарда біздің аруларымыз да талай қиындықты басынан кешті. Қолдан келместей көрінгенмен, сол кездері нәзік жанды әйелдер кез – келген батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Өздеріне ешқандай жеңілдікті талап етпестен, қашан да жауынгерлер мен сапта тұрды.
Тіпті, осы қыздардың болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш – қуат берді. Аяулы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім. «Майданға жіберетін ешкімім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін» деп Алматыдағы Медицина институтының жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қайсарлығы таң қалдырмай қоймады. Сол сенімді мергендігімен талай жауды құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері 1418 күн түн бойына шацқасып, жеңіске қол жеткізіпті. Сонау Жер-Ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер, бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық.
Қазақ елі осындай сұрапыл жылдарда да қонақжай, адал ниетті, ақ көңіл, адами қасиеттерін жоғалтпады. Ресейден, Уктраинадан, Белоруссиядан, басқа да республикалардан келген баспанасыз миллиондаған адамдар мен жетім жесірлерді халқымыз құшақ жая қарсы алып, шын жүрекпен бауыр басты. Мұның бәрі де мақтан тұтарлық әрекет. Осылайша соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлысымен көрінді


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!