Жеңіс салтанаты

 Жеңіс салтанаты

Аяпова Амина
8 сынып, №176 мектеп-гимназия,
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
Жетекшісі: Ыбрайм Айшакүл Байболқызы

Ұлы Отан соғысы Аспан мен Жер
арасын өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды Адамға Адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
күліп-атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте болар
кейде мейірімді адамнан аң.
Сәби көңіл жандардың жанын улап
бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда Жер қанға бөгіп:
«Не кінәң бар, Адамдар, тағар маған?!» - поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова жырлағандай, соғыс қаншама шаңырақты ортасына түсірді.
Иә, қара Жерді дөңбекшітіп,жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты совет халқының ер жүректілігі мен қаңға сіңген қаһармандығын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына жетпіс бір жыл толып отыр.Ерліктің салтанатты жеңісіне жетпіс бір жылдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін басынан кешірген кеңес адамдары соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес.
Жеңіс салтанаты.Милиондарды өмір мен үміттен айырған осы соғыстағы жеңіс салтанаты оп-оңай келген жоқ. Кеңестік партия революциялық рухта тәрбиелеген, лениндік мұраттарға шын берілген советтік ұл қыздардың майдан мен тылдағы жан аямас еңбегінің жемісі еді – бұл.
Қазақ деген-батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкей қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті.
Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді.
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. оғыс - атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы - қасіретке толы қаралы сөз. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді.Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекесін алған фашистер жоспары іске аспай өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61мемлекет жан жақтан атсалысты.Р. Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б. Момышұлы , Ә. Молдағұлова, М. Маметова, Т. Бигелдинов, М. Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға қуанышты күнімізге жеттік.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі