Жеңіс алыптары

 Жеңіс алыптары

Төлеуғали Асыл
8 сынып, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, Атырау қаласы
Жетекшісі: Темірғалиева Ақтоты Болатқызы

Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл-ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өтті. Қазақстанның жарқын болашағының салмақты ұрпақтары тәуелсіздіктің қандай қиындақпен келгенін білу керек деп те айта кетті.
Жетпіс жылдың жетегіне тығылған,
Сұм соғыс ол әр жүрекке сұғылған.
Балалары қимай, жылап әкесін,
Жүгірем деп соңдарынан жығылған.
Осынау өлең жолдары сұм соғыстың қианатынан, көрсеткен азабынан сыр шертетіндей. Қаншама бейкүнә сәби әкелерінен айырылып, жетім қалды. Соғыс болған жылдар аралығында көп қиындықты бастан өткеріп, отбасыларына асықты. Кейбір жандардың арманы орындалып, отбасыларына оралғандар бар, бірақ жастай кетіп, майданда жан тапсырғандары қаншама. Жау жетегінде кеткен батырларымыздың көз жасы, елім үшін деп тамған қан, аққан тер бәріде ел есінде мәңгі сақталады. Ұлы жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9-мамырында дәл осы қуанышты хабарды естіп халық дүр сілкінді, қуаныштарында шек болмады. 5 жыл бойы айдаһардай төнген күн, осы күні қуанышпен ашылды. Жеңіспен қайтқан жауынгерлерге алғыс жаудырып, қуаныштан көздеріне жас алып жатты. Жеңіске жетеміз деген жігер оларды аман сақтап қалды. Осы соғысқа тек ер азаматтар ғана емес, еліне деген махаббаты шексіз аруларымызда аянып қалған жоқ. Қолдарына қаруларын алып, қан майданның ортасында шайқасқан апаларымызды үлгі тұтамыз. Жазықсыз миллиондаған адамдар қаза тапты.
Миллиондаған адамдар мүгедек болып оралды. Миллиондаған адамдар бет алды босып кетті. Бірақ бәрібір жеңіс туы аспанға көтерілді. Осынау соғысқа қатысқан Қазақстандықтардың қанымен, жанымен, көз жасымен келген жеңістің арқасында осындай шалқып күн кешіп жүрміз. Қазіргі таңда қазақ жері кең байтақ, шексіз, жазира мекен. Осындай байтақ елде өмір сүріп жатырған әрбір адам бақытты. Қазіргі таңда бәрі бар, бәрі де жетеді. Тәуелсіз, бейбіт, байтақ елде өмір сүреміз. Бірақ, осының бәрі кімнің арқасында келді, қандай қиындақпен келгенін ұмытпаған абзал. Біз үшін, келешек ұрпақ үшін деп шарық ұрған азаматтарымызды ұмытпайық. Жеңіске 71 жыл толуына көптеген еске алулар, шерулер, мерекелер тойланады. Және де осы соғыстың ардагерлеріне сыйлықтар табыс етіліп, батырларды еске аламыз. Соғыста жандарын пида еткен боздақтарға бас иіу біздің парызымыз. Біз жеңіс күнін жақындатқан, жан аямай фашисттерге шапқан жауынгер батырларға қарыздармыз. Олардың рухына дұға бағыштаймыз. Олар қазақ елінің қандай айбатты екенін көрсетті, елдің басынан төнген қара бұлтты ысырып тастады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?