Ұлы жеңіске 77 жыл
Ұлы жеңіс !
“Біз соғысты көрген жоқпыз. “
Ия , шыныдада біз соғысты көрген жоқпыз, алайда бұл 1941 жылы басталған қанды қырғын туралы бүгінгі күнге дейін айтылып келеді.Жеңіс жыры 77 жыл қатарынан тойланып ,ата- бабамыздың ерлігі, қайсар аруларымыздың- тәуекелділігі, аналарымыздың табандылығы қалай айтылса , сонымен қатар соғыс жылдарындағы балалардың болмаған балалық шағы , аналардың көз жасы , ауыл тұрғындарының соғыстан кем емес өмірі де қатар айтылуда.
Бұл Ұлы Отан соғысы болды !
Әрбір ер- азамат өзінің жер анасын, туған жерін, отбасын, келер ұрпағы - біздер үшін күресті . Және ұлы жеңіс біздерге оңайлықпен келген жоқ .Бұл жеңіс өте үлкен құрбандықты, батырлық пен қайсарлықты , ерен еңбекті талап етті. Төзімділік пен Аллаға деген сенімді шыңдады.“ Басқа елдерді білмеймін , алайда соғыс жылдарында біздің ауылда бала болған жоқ ..”- деп Дулат Исабеков өз шығармасында көрсеткендей соғыс жылдары тек ер- азаматтарды ғана емес , балалардың - балалық шағын , ата- ананың үмітін жалмады( ұрлад). Ұлының өлімі туралы “қара қағаз ” жалғыз ұлын қан майданнан күткен қар әкенің сағын сындырды , ақ жаулықты ананың үмітін өшірді, ал бүлдүршін балаларды- әкенің орнына қатал өмір тәрбиеледі.
Ал 1945 жылы Кеңес үкіметінің әрбір шаңырағында “Жеңіс тойы” тойланды. Қаншама құрбандықтарға қарамастан әрбір үйде той болды. Ана- баласымен , бала әкесімен қауышты. 1941-1945 жылғы соғысқа қатысушы бүгінгі бізер үшін өздерін, отбасылар құрбандыққа шалды. Ия , тек қана бүгінгі біздер бейбіт өмір сүрсін деп, біз соғысты көрмесін деп.
Ата - бабаларымыз біздер үшін осындай құрбандыққа барғанда , біз оларды жылдың бір ғана күнінде еске алып - тойлап өткізуіміз үлкен қателік. Біз қайсар рухты батырларымызды бір сәтке болсын естен шығармауға тиіспіз . Қаншама уақыт өткеніне қарамастан Отан үшін от кешкен батыр бабаларымыз біздің жадымызда болуы тиіс. Оларға өз алғысымыз ретінде біздерде болашақ ұрпақтың өмірі үшін қолан келгенше еңбек етіп , ата- бабаларымыздың үмітін ақтауға міндеттіміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?