Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!

 Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!

Тораханов Т.
8- сынып оқушысы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы
Жетекшісі: Р.Асылбекова

Соғыс, соғыс! 1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те неміс басқыншылары тұтқиылдан біздің елімізге баса көктеп кірді. Анасы, әйелі ер азаматын соғысқа аттандырды. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде Рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Тірі пендеге бір келетін ажалды жанын кірлетпей, сары алтындай сабырмен кірпік қақпай қарсы алды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Ел басына төнген соғыс нәубеті қаншама отбасын иесіз, аналарды жесір, балаларды жетім етті. Мыңдаған жауынгерлердің денесі майдан қойнауында қалып қойса, Жеңіс туын желбіретіп елге оралған сарбаздардың өзі бүгінде саусақпен санарлықтай ғана. Ұлы Отан соғысын ой елегінен өткізгенде, көз алдыңа елестейтін бір көрініс - партизандар әрекеттері: тұтқиылдан шабуыл, берекесі кеткен жау, асығыс-үсігіс қимылдар, көкке ұшқан көпірлер, күйген пойыз, аударылған вагондар, әйтеуір астан-кестен дүние.
Ұлы Отан соғысы...
Ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын әлемге танытқан сындарлылық символы болса, 9 мамыр - Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісіне ел жадында мәңгіге сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Иә, 1941-1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде – қасиетті ел- жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындағы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса, бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Біз бүгін осының бәрін ой елегінен өткізе отырып, Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлер алдында басымызды иеміз.\
Тарих жылнамасында екінші дүние жүзілік соғыс деген атпен қалған Ұлы Отан соғысы аяқталғанына биыл 71 жыл толады. Миллиондаған жазықсыз жандардың жанын қиып кеткен сол сұрапылда барша қазақстандықтар жауға қарсы «Ел үшін, жер үшін!» деген ұранмен қасық қандары қалғанша соғысты. Небір боздақтар хабар- ошарсыз кетті. Жыл өткен сайын, сол бұрын-соңды болмаған алапат соғысты көзімен көріп, белуардан қан кешкен ержүрек жауынгерлер де азайып барады. Қалай болғанда да Жеңіс күнін жақындатқандар солар екенінде дау жоқ. Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді... Жер бетіндегі барша адам баласын қатты алаңдатқан өткен ғасырдың ең қайғылы оқиғасы ретінде тарихқа кірген Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлерге деген құрметіміз шексіз.
От, саз кешіп бес жылдай толарсақтан,
Тіршіліктің шырағын солар жаққан,
Жанын қиса сан есіл алғы шепте,
Қалғандары ауылға нұрын шашқан.
Бұл Жеңіссіз жер жүзінде қазіргі бейбіт заман болмас па еді? Бүгін егемен еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізе алмай қалар ма еді? Жасы үлкен ағалар, соғыс пен тыл ардагерлері, бұрынғы Одақ кезінде туып, есейген ұрпақ ол Жеңістің қадірін, Жеңіс мейрамының басқа күндерден ерекше екенін жан жүрегімен сезінері анық.
Сол сұрапыл соғыс жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық намысын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды. Яғни, Жеңіске жету жолында қазақ халқы да лайықты үлесін қосты. Қазіргі таңда қаламызда Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің 21-і арамызда аман-есен жүр. Жоғарыда атап көрсеткенімдей, биыл екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 71 жыл толады. Ізгі ниетті адамзат үшін бұл күн – ерекше мереке. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс халық жадында , ел тарихында айрықша орын алады. Кеңес Одағының миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы Жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қарты бар елдің - қазынасы бар» дейді, - дана халық. Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен ардақты жандардың ешқайсысыда ұмыт қалмақ емес. Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Сындарлы уақыттың сынақ мерзімінде қайыспай, талмай еңбек етіп, басымызға орнатқан Ұлы Теңдік, Ерлік күні сол ардагерлеріміздің арқасында! Батыр қарттарымыз бар ел тұғырлы!
Соғыс жалмап аға, іні, бауырды.
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қаймықпаған қиындықтың жүгінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен,
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Ел бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымыз бен әкелерімізді, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер- қайратымен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліқтерімен мәңгіліке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл аз ғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймесің», деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы.
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Бізге бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерімізге басымызды иіп, мәңгі тағзым етеміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі