Мәңгі жеңіс алауы
Қадырова Әлия
9 сынып оқушысы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Туған ұлы күнінде қолбасшының
Зеңбіректер атылсын үні тынбай.
Той жасаймыз тау халқын түгел қырып,
Шырқалатын сан ғасыр ұмытылмай.
Солдаттармыз жол салған тыңнан етіп,
Құлын даусы шыңғырсын шыңға жетіп
1941 жылғы 22 маусым- тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Қырық бірінші жылдың жиырма екінші маусымында таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды. Солай дүниежүзін дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыс басталды. 5 жылға созылған қасиетті соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Сәбилер жетім қалды, қариялар балаларынан айырылды. Көптеген шығындар кетті. Қаншама халық жанашырларының сүйектері туған жерінде жерленбеді.
Тән жарасы жазылса да, жан жарасы жазылмайды. Ел үшін көз жұмған азаматтардың орнын ешкім де баса алмайды. Бұл дүниеде ешкім мәңгілік емес. Бүгін бар да, ертең жоқ. Сол үшін де бізді жаудан қорғаған ардагерлеріміздің де саны азайып келеді. Жеңіс туын желбіретуге көмектескен жандарды ұмытпай, оларға асылымыздай қарауымыз керек.
«Ел үмітін ер ақтар, ер атын ел сақтар»- дей келе Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай, ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашан да жүрек түкпірінде ұстаймыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?