Есімізде сақтаймыз мақтанамыз!
Жолдибекова Айзере
10- сынып оқушысы, Қазақ Ұлттық Өнер университеті Астана қаласы
Жетекшісі: Тілеген Айгүл Балтабайқызы

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш, адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол бір сұрапыл қасіретті кезеңдерге көз жүгіртсек. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.
Бұл сұм соғыс - тарихтың таңбалы тұсындағы ерліктің ерен шежіресі. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Олар көптеген қиындықты бастарынан өткізді.Сол кездері біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен еді. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Кеңес Одағы Батырларының қатарында шығыстың қос шынары – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан.
Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Қан майдандағы қасап қырғыннан кейін үмітін үкілеген елге шексіз бақыт сыйлаған Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлайтын күн де жақындап қалды. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қан майдандағы кездерде қайратымен есте қалған ержүрек бабаларымыздың ерлігі ешқашан жадыдан шықпақ емес.Олар күн-түн демей Отан үшін отқа түсіп, жандарын пида етті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс адам баласының тарихында қайғы- қасіретімен есте қалды.Сол күні жау халықтың тәтті ұйқысын бұзып қана қоймай, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Диханшы тракторден түсіп ,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел солдат болды.Сол жылдардың бозбала,бойжеткендері ақын, оқымысты,ұстаз болуды армандаған еді...
Майданда да, тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбыл атамызға дейін жауға қарсы майданға жаппай қатысты.Ленинград қаласына қауіп төнгенде Жамбыл Жабаев”Ленинградтық өренім” атты жүрек жарды, жалынды жырын майдандағы ”жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір” жауынгерлерге жолдады.
От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда.Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес.Уақыт күн санап зымырап өтіп жатыр.Уақыт өткен сайын заман да өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі біздің есімізде сақталуда. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімі мен рух мықтылығымен келді. Біз, қазіргі заман түлектері, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға міндеттіміз!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?