» » » Шығарма: Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты

Шығарма: Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты

Шығарма: Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты казакша Шығарма: Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты на казахском языке
Әлібекова Аида
9 сынып, № 2 орта мектеп
Жаңаөзен қаласы
Жетекшісі: Жанова Гүлбаршын

Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Мәселен , әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр. Өйткені, Қазақ елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі өрелі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын — жастар болмақ.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов болды. Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ: - Қор қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу. Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым -қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін — білім ғана деген байлам жасады. Мықты маман болып, өмірдің сан кетігін бүтіндер ақылды, дарынды, талапты жастарымыз аз емес.
Мәселе, солардың алғашқы қадамына қолдау көрсетіп, көмек жасауда. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды. Қызметінің басты бағыты — мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылатын Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Мұндағы мақсат — жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне қызмет ету. Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар — бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі болып табылады.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 103 | 1.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты, шығарма Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жо, Шығарма: Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы