» » » Шығарма: Қазақтың Тұңғыш Президенті

Шығарма: Қазақтың Тұңғыш Президенті

Шығарма: Қазақтың Тұңғыш Президенті казакша Шығарма: Қазақтың Тұңғыш Президенті на казахском языке
Жәнібек Шахризада
11 сынып, № 8 ОМ
Көкшетау қаласы
Жетекшісі: Калкишева С.Б.

X ғасырдың қырықыншы жылдары Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауында қарапайым қазақ отбасы шаңырағында бір ұл дүниеге келді. Ағайын-туғанды жинап, қуаныш иесі үлкен той жасады. Сол тойда ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Әжесінің сол еңбегін ақтап, ол ұл өзі туып-өскен, білім алған, еңбек жолын бастаған еліндегі барша ұлтты бауырына басып, президент болды.
Президент дегенде – адам баласының ойында бай, текті отбасыдан шыққан адам деген ой туындайды. Ал қазақ елінің президенті – Мырзабала әжейдің сүйікті немересі. Қазір барлық халықтың сеніміне кіріп, жаңа тарихтың бастауы болып отыр.
1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады, сондықтан осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды деп есептейміз. Ал 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін белгілеу көзделген болатын.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бағындырған шыңдары өте көп. Тарих үшін қас -қағым сәт болғанымен Тәуелсіздік алған 21 жылдың ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі елдермен иық тірестіре білді.
Соның ішінде Президентіміздің ел тәуелсіздігінен кейін ең бір батыл, шешімі – астананы Ақмолаға көшіруі . Қайда жүрсе де, кіндік кесіп , кір жуған туған жерін ойлаған азамат оның ертеңгі өмірін де қамдап ойлайды. Астананы Алатаудың бауырынан Арқаға ауыстыру оңайға түскен жоқ . Арқа төсіне қоныс аударған Елордаға бақ пен дәулет тілеген Елбасы: «Бұл болашағымызға керек, қызығын келер ұрпақтар көреді», – деген болатын. Мен де сол ұрпақтың бірімін. Ақмола өңірінің тумасы, Астанамен бірге өсіп келемін. Астананың, Қазақстанның дамуына мен де өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Өйткені егемен Қазақстан азаматтары үшін, Астана - еліміздің өміріндегі жаңа дәуір белгісі. Есілге қонған аққудай жарқ етіп, аз уақытта қанат жайған асқақ қала: «Ежелгі арман өтелген, Нығайды Қазақ елдігі. Ақталды шаңырақ көтерген, Елбасының ерлігі», - деп жерлесіміз Кәкімбек Салықов жырлаған.
Елбасының әлемдік деңгейдегі елдермен иық тірестіре білді деуіміздің тағы бір дәлелі, әрі ел үшін мақтанышы – ЕХРО-2017 көрмесін өткізетіндігі. Міне, осындай ауқымды жетістіктерге жетуге әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан ерен еңбегі. EXPO – 2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Осындай халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейің іс жүзінде дәлелдей отырып , шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұлоңайшаруаемес.
Қазақстан Республикасының Президентінің елдің көркеюі мен халықтың болашағы үшін алға қойған мақсаттары – «Қазақстан-2050»
стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, бұл жолдаған арнауында «Стратегияда көзделген мақсат– ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату» деп атап өткен. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы.
Мемлекет басшысы биік мінбелерден сөйлеген сөздерінің бірінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе, бірде «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Ендеше мен де өзімді бақыттымын деп есептеймін.



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: almira777 | 105 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Қазақтың Тұңғыш Президенті туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қазақтың Тұңғыш Президенті на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қазақтың Тұңғыш Президенті, шығарма Қазақтың Тұңғыш Президенті туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Қазақтың Тұңғыш Президенті на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Қазақтың Тұңғыш Пр, Шығарма: Қазақтың Тұңғыш Президенті шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы