1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент және менің Отаным)

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент және менің Отаным)

 Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Қазақстанның жас азаматтары үшін қазақ тіліндегі балабақшалар, мектептер, спорт кешеңдерін және т.б оқу орындарын ашты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдеби шығармалары, өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын. Өйткені қазіргі кезде басқа елдерде соғыстар, көтерілістер, ашаршылық болып жатыр. Ал біздің елбасымыз мұңдай жағдайларға жол бермей, елді тек жақсы өмірге бағыт беруде. Қазақстанның қарулы күштері болса біздің болашағымызға қауіп-қатер толмауына дәлел бола алады. Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан алуақ ұстаған. Н.Назарбаев әрбір отбасына бейбіт өмір сыйлады. Халықтың денсаулығын ойлап көптеген көмек жобаларын, тегін ауруханаларды ашқызды. Халықтың санын көбейтті. Қазір Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетті. Басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсарта түсті. Елді адал басқарып, халықтың құрметіне ие болды. Қазақстан дамыған елдер қатарына кірді. Осындай елде өмір сүру арман емес пе?! Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүю керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүре алады.
Президентіміз Қазақстан елордасын Астанаға көшірді. Біздің қазіргі елордамыз туралы үлкен мақтанышпен айта аламын. Астана мәдениеті мен экономикалық жағынан дамыған, білім мен ғылымның орталығына айналған өте әдемі үлкен қала. Қазақстанның басқа қалалары да Астанадан қалмайды. Барлығы дамыған қалалар. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Мен ақша туралы емес, Қазақстанның табиғаты туралы айтқым келген. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік таулары, мөлдір көлдері, өзендері, неше түрлі өсімдіктер өсетін жазықтары. Елімізде өте көп жануарлардың түрлері мекен еткен. Аңдар мен құстарға, дүниеде қырылып жатқан жануарларға арнап көптеген қорықтар жасалған. Қазақстанның жері өте әдемі. Отанымның шұрайлы жерлері мен шөбі шүйгін өлкелерің арқашан да мақтан тұтамын. Әрбір азамат өз елің құрметтеуі керек. Елің мақтан тұтып елінің намысын әрқашан қорғауы керек. Отанға деген махабаты үлкен болуы қажет. Өзінің ана тілін ардақтауы керек. Отансүйгіш азамат ретінде президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі ретінде алсақ болады. Қазақ тілінің дамуына үлкен назар аударған елбасымыз болған. Ресей қол астында болып қазақ халқы бірте-бірте өз тілінен айрыла бастаған еді. Ал қазіргі кезде президентіміздің арқасында халықтың көбісі өз ана тілінде емін-еркің сөйлейді. Менің ойымша бұл өте маңызды іс. Өйткені өз ана тілі қазақ тілін білмейтін адам қалайша өзін қазақпын деп жариялай алады. Президентіміз жастайынан жақсы оқыған. Н.Назарбаев жай отбасында туып, металлургия зауытында жұмыс істеген. Одан кейін өзінің ақыл-ойымен президент болуға дейін барған. Қазіргі жастар үшін қолынан келген барлық жұмысты істеді. Басы тайған халқымыздың есесін қайтарып, қабырғалы берік ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған елбасының кеменгерлігі. Егер елімізді президентіміз Н.Назарбаевтай президенттер басқарса, біздің еліміз мәңгі тәуелсіз болып қала береді. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері 20 жылдан асты. Қазіргі Қазақстан туралы айтатын болсақ , көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Қазір еліміз дамып келуде. Еліміздің дамуына әр-бір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесің қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. Кім де кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын. Болашақта менде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұқсаған ер азамат болуды армандаймын. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын! 

Автор: Ташбулатов Маруфжан
Пайдалы сілтемелер:


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Adiya kosseit
    Adiya kosseit 22.04.2015 18:44
    3 + 0 -
    Өте жақсы

Ілмектер: нұрсұлтан назарбаев туралы шығарма, Шығарма, Отансүйгіш, Президент, Туған жер, Қазақстан, Қазақша шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент және менің Отаным), алғашқы президент күні шығарма, тұңғыш президент туралы шығарма, Елбасы туралы шығарма, 1 желтоқсан президент күні шығарма, назарбаев туралы шығарма, назарбаев туралы шығармалар, назарбаев шыгарма, назарбаев шыгарма казакша, нурсултан назарбаев шыгарма казакша, нурсултан назарбаев туралы шыгарма казакша, 1 желтоқсан бірінші президент күні шығарма, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні шығарма, сочинение на казахском языке про назарбаева, сочинение на казахском языке на тему нурсултан назарбаев, скачать сочинение на казахском языке про назарбаева, Қазақстан туралы шығарма, елбасы туралы шығарма, президент туралы шығарма, Қазақша шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Қазақстан мен Елбасы), сочинения на казахском языке 1 декабря президент, 1 декабря день первого президента казахстана