Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте) » ZHARAR © 2016 | тәуелсіз қазақстан шығарма, тәуелсіз қазақстан шығарма тегін, шығарма тәуелсіз қазақстан, шығарма тәуелсіз қазақстаным, тәуелсіз қазақстан шығарма қазақша, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинения на казахском языке про независимость, сочинение на казахском языке казахстан независимое государство, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығарма,




  • »

Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте)

Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте) казакша Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте) на казахском языке

Қазақстан, Қазақстан алтын күн,
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.
Аталдың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен қазақ деген халқыңның.

Қазақстан елім менің берекем,
Татулыққа тұтқа болған жыр мекен.
Жер жаҺанға шашу болып шашылсын,
Арайланған Тәуелсіздік мерекем.

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.
Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық.
Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.
Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық.
Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.
Желтоқсанда да өрімдей аға-апаларымыз жас өмірлерімен қоштасқан. Жыл сайын желтоқсанның 16- да сыныбымызда әрдайым тәуелсіздікке байланысты түрлі тақырыптарда тәрбие сағатын өткізіп тұрамыз. Табаным тиіп Алматы қаласына бара қалсам, желтоқсандағы еліміздің тәуелсіздігі үшін ерлік жасаған, аға-апаларымызға гүл шоқтарын қоймай кетпеймін. Сондықтан да ата, аға-апаларымыздың ерліктерін ардақтап, лайықты құрмет көрсету- біздің перзенттік парызымыз деп білемін.
Мектеп оқушысы болсамда Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп 50 елдің қатарына қосылуына, менде өз үлесімді қосқым келеді. Қандай да бір жақсылық болмасын, қиындықпен келетінін білемін. Дегенменде қиындықтарға мойымай, әрдайым қарсы тұрып жеңе білу керек.
Халықта мақал бар: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді. Тәуелсіздік жолы- азаматтық жолы. Тәуелсіздік келді, енді бәрі болады, бәрі орнына өзінен- өзі толады деп, жігеріңді құм етуге болмайды. Абай ата айтқандай, мал табу жолына түсу керек.
Тәуелсіздік жолы- азамат жолы. Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Тәуелсіздік жолы- үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан ата- баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз.
Самұрық құс көлбей қағып қанатты,
Қонды келіп Бәйтерекке дарақты.
Шаңқылынан бүкіл дүние оянып,
Елімізде Тәуелсіздік таңы атты.
Біз тәуелсіздіктен аға ұрпаққа әлеуметтік қорған болуын күтеміз. Басқаша айтқанда, біздің ата- бабамыз аңсаған заман тәуелсіздікпен байланысты. Жаңа ХХІ ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Біз қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқанымыз ең асылымыз- тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де, жүрдік кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 20 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді, жол көлігі керек, жол серігі керек, жол азығы керек, алыс жолға тәуекел етер жүрек керек, тірек керек жол бастайтын көсем керек. Біз тәуекел қайығына міндік, тәуелсіздік даңғылына түстік, 20 жылда басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жылдан өттік. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға -20 жыл. Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кие. Дүниедегі тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халықта жоқ. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз- тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат- қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу.
Тектілердің тұяғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында халқымыз- тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Астана- шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз- бейбіт. Күндеріміз нұрлы.
Мектеп оқушысының қолынан не келеді деп ойлауларыңыз да мүмкін. Теледидарда Елбасы Нұрсұлтан атамыз айтқандай, елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар.
Елімізді әлемге танытып, Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәлімді тәрбиелі болуымыз қажет. Әрбір адам өз алдына мақсат қояды. Менің де өзімнің алдыма қойған үлкен мақсаттарым бар. Мектептен жақсы білім алып одан әрі білімімді жалғастырып, елім үшін еңбек ету. Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Мен бақыт дегенді былай түсінемін. Ол- сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Бақыттың кіндігі- Отан.
Елімнің көркейіп, гүлденуіне өз үлесімді қосып тәуелсіз елім үшін, отаным үшін, елімнің тыныштығы мен сәбилердің күлкісі үшін, бар өмірімді күш- қуатымды жұмсап жұмыс жасасам. Еліме пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек етсем менде одан артық бақыт болмас еді. Аға- апаларымыздың қиындықпен өздерінің жас өмірлерін қиып алып берген тәуелсіздіктің туын, біздер әрдайым биік ұстауымыз керек, әрдайым биік ұстаймыз да дегім келеді.
Менің елім, менің жерім, жыр етемін тамсанам,
Елміз біз де ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған.
Көк байрақтың астындағы шуақтанған арайлы,
Қуанышын мол бақытын сыйлайтындай таң саған.
Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой ? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін ! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін!
Жиырма жыл!
Тәуелсіздік елімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде.
Қазақ деген ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

Тәуелсіздік ақ батасы атамның,
Күлімдейді менің Байтақ Отаным.
Жан жылытар сәбидің шат күлкісі,
Қашаннан қалған сынығымын мұраның.
Тәуелсіз қазақ елінің Ақордадай «Астана» атты рухани тұғыры бар. Ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты айғақтап тұр. Астана- тәуелсіздіктің тақ- тұғыры. Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. Тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған Елбасымыздың парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. Елорда бірліктің, ерліктің арқасында қарыштап дамудың айқын дәлелін көрсетті, әрі бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Сондықтан тұғырлы тәуелсіздік елдің тұғыры биік,бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына тамшыдай болса да өз мүмкіндігімше үлес қосу үшін, білімді терең меңгеруге ұмтылудамын. Санам- сақ, халқымның- жақ боларына сенемін. Өйткені, мен тұғырлы тәуелсіз елдің тұяғымын. Халқымыз «тайында тасқа байла» деген. Тағдырдың тас қамалын бұзуға, білімді, өнерлі болуға күш- жігерімді жұмсаймын.
Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқаныма өте ризамын. Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін.
Аспаныңда жарқырайды арай күн,
Бұлтыңа да қызығумен қараймын.
Болғаннан соң тәуелсіз, ел түлегі,
Мен өзімді бақытты қыз санаймын.
Менің елім- Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді біздің елдің әрбір азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 94 670
Рейтинг:
(голосов: 57)

KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы, Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні, шығарма (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте), тәуелсіздік туралы шығарма, скачать сочинение на казахском языке день независимости, тәуелсіз қазақстан шығарма, тәуелсіз қазақстан шығарма тегін, шығарма тәуелсіз қазақстан, шығарма тәуелсіз қазақстаным, тәуелсіз қазақстан шығарма қазақша, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинения на казахском языке про независимость, сочинение на казахском языке казахстан независимое государство, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығарма, , тәуелсіз қазақстан шығарма, тәуелсіз қазақстан шығарма тегін, шығарма тәуелсіз қазақстан, шығарма тәуелсіз қазақстаным, тәуелсіз қазақстан шығарма қазақша, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинения на казахском языке про независимо, Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте) шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

.

. .